“Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелер” ғылыми-практикалық конференциясы
2022 жылдың 04 маусымында “ҚДСЖМ” ҚМУ даму жөніндегі проректоры Е. Л.Степкина “Фармакоэкономикалық талдауды жүргізудегі кешенді тәсіл” тақырыбында баяндама жасап, С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебі ұйымдастырған және өткізген “Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелер” ғылыми-практикалық конференциясына қатысты..
Осы конференция шеңберінде қамтылған тақырыптар Қазақстан Республикасында фармакоэкономикалық талдауды дамыту, практикалық қызметке “Клиникалық фармацевт” мамандығын белсенді енгізу, пациенттер үшін инновациялық дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, фармакологиялық қадағалау, тиісті клиникалық практика және дәрілік заттар және медициналық бұйымдар айналысы саласында нормативтік құқықтық база жасау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.
Конференцияға әлемнің түрлі елдерінен, соның ішінде АҚШ, Чехия және Украинадан фармацевтикалық және медициналық қоғамдастық өкілдері қатысып, баяндама жасады.

