2022 жылдың 30 мамыры мен 3 маусым аралығында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті академиялық ұтқырлық шеңберінде “Биомедициналық зерттеулер этикасы” тақырыбында профессорлық-оқытушылық құрамын оқытуды ұйымдастырды. Оқытуды “Астана медицина университеті” КЕАҚ “Қоғамдық денсаулық және менеджмент” кафедрасының профессоры, м. ғ. д. Б.Е. Сарымсақова өткізді. Оқыту процесі интерактивті режимде өтті, аудиторияға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Биомедициналық зерттеулер этикасы кез-келген ғылыми зерттеудің негізі болып табылады. Этикалық нормаларды сақтау, әсіресе медициналық зерттеулерде маңызды және диссертацияларды қорғауға дайындық кезінде міндетті талап болып табылады.
