1 шілдеде Шымкент қаласындағы “ҚДСЖМ” ҚМУ базасында толық қайта құрудан кейін “PARK HEALTH” медициналық клиникасы ашылуда. “PARK HEALTH” медициналық клиникасының ашылуына орай “ҚДСЖМ” ҚМУ-нің басшылары мен профессорлары Шымкент қаласының медицина қызметкерлері, парамедиктері мен тұрғындары үшін бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Іс-шара аясында “ҚДСЖМ” ҚМУ (Алматы қ.) және ОҚМА (Шымкент қ.) профессорлары “Жылдам өсіп келе жатқан мегаполис жағдайында БМСК” тақырыбында семинар-кеңес және шұғыл жағдайлар бойынша түрлі мамандар мен парамедиктерге арналған мастер-кластар өткізеді.
Жетекші мамандар емханаға тіркелген азаматтар үшін тегін кеңес береді, атап айтқанда:
Жұмабеков А.Т., м.ғ.д., профессор, “ҚДСЖМ” ҚМУ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, хирург
Наханова Ж.К. м.ғ.к., “ҚДСЖМ” ҚМУ “Ішкі аурулар” кафедрасының доценті, акушер-гинеколог;
Жұбанышева К. Б., м.ғ.к., профессор, неонатолог-дәрігер;
Мұкатова А.М., м.ғ.к.., “ҚДСЖМ” ҚМУ “Ішкі аурулар” кафедрасының меңгерушісі, терапевт
Ашылу салтанатына Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық медициналық сақтандыру қорының басшылары, медициналық ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының басшылары, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Бағдарлама:
Сағ. 10:00-10:15 Салтанатты бөлім.
Сағ. 10.15-11.00 Медициналық клиника бойынша тур;
Сағ. 10.15-11.00 Алматы қ. жетекші мамандарның тегін қабылдауы;
Сағ. 11.00-13.00 “Жылдам өсіп келе жатқан мегаполис жағдайында БМСК” тақырыбындағы семинар-кеңес;
Сағ. 11.00-13.00 дәрігерлер мен парамедиктер үшін шұғыл жағдайлар бойынша мастер-класс;
Сағ. 15.00-17.30 Алматы қ. жетекші мамандарның тегін қабылдауы жалғасады;
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 26 ғимарат. Байланыс телефоны +7 7252 95-37-00