25 мамыр күні “ҚДСЖМ” ҚМУ-де университет қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен қоғамдағы толеранттылықты қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі Әділбек Қанатбек Сәрсенбайұлының қатысуымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша семинар өтті.
Семинар аясында Қанатбек Сәрсенбайұлы лауазымды тұлғалар тарапынан бұзушылықтарды болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізудің маңыздылығы туралы айтып берді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері, сондай-ақ халықаралық тәжірибе талқыланды.
Университетте академиялық ортада сыбайлас жемқорлық құқықты бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректор А. А. Кауышева айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері ЖОО басшылығының тұрақты назарында, академиялық саясатта, Әдеп кодексінде көрсетілген, білім алушылар мен ПОҚ-ға анонимді сауалнама тұрақты түрде жүргізіледі, онда осы мәселелер қозғалады. Білім беру ортасы осындай келеңсіз фактілерге мүлдем төзбеушілік аймағы болуға тиіс.