ҚДСЖМ ” КМУ ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға түсушілер үшін келесі білім беру бағдарламалары бойынша 3 жыл оқу мерзімімен алдын ала іріктеу жүргізуді жалғастыру туралы хабарлайды:
– D139 – “Қоғамдық денсаулық сақтау”;
– D141 – “Медицина”.
Алдын ала іріктеу докторантураға түсу үшін міндетті кезең болып табылады.
Биылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің 2022 жылғы 3 мамырдағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі докторантура үміткерлеріне міндеттелді.
- Осыған орай, докторантураға құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін растау мақсатында республиканың барлық қалаларында сертификаттық тестілеуден өтуді ұсынамыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- ҚМУ «ҚДСЖМ» ЖШС-тің ректорының атына өтініш жазу (1 қосымша);
- Жеке басты куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме);
- Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі (өткен жылдар түлектері үшін);
- Оқу орнынан анықтама (магистратура / резидентура магистранттары үшін);
- Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған кадрлық есеп бойынша жеке парағы немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат; Соңғы үш күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар) тізбесі;
- Болашақ зерттеудің жоспарлық бағдарламасы (жоспарлы-бағдарлама нысаны бойынша); Ғылыми журналдардағы жарияланымдар және мақалалар жинақтары (бар болған жағдайда);
- Ғылыми конференцияларға қатысу (бар болған жағдайда);
- Ғылыми гранттар (бар болған жағдайда);
- Ғылыми дипломдар мен марапаттар (бар болған жағдайда);
- Конференцияларға қатысу сертификаттары (бар болса);
- ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеу.
Сканерленген құжаттарды kmu_ksph@mail.ru электрондық пошта мекенжайына жіберу керек. Тізімдегі құжаттардың толық түрін ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы талапкерлердің өтінішін қарамайды. Докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген тұлғалардың бұрынғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру бағдарламаларының коды және тобы | Қажетті білім деңгейінің мамандығының коды және тобы |
D139 Қоғамдық денсаулық сақтау | Магистратура бойынша мамандықтар: 6М110100 – «Медицина»; 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 6М110300 – «Мейірбике ісі»; 6М110400 – «Фармация»; 6М110500 – «Медико-профилактикалық іс»; 6М110600 – «Қоғамдық денсаулық сақтау менеджменті»; 6М050600 – «Экономика»; 6М050700 – «Менеджмент»; 6М051300 – «Әлемдік экономика»; 6М030100 – «Юриспруденция». Резидентура (барлық мамандықтар). |
D141 Медицина | Магистратура бойынша мамандықтар: 6М110100 – «Медицина»; 6М110300 «Мейірбике ісі»; 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 6М110500 – «Медико- профилакалық іс». Резидентура (барлық мамандықтар). |
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2022 жылғы 31 мамырға дейін.
Барлық сұрақтар бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне хабарласыңыздар. Мобильдік телефон: +7 (771) 780-76-67; кеңселік телефон
+7 (727) 337 80 18 (ішкі №103), e-mail: kmu_ksph@mail.ru. Өтепов көшесі 19а.
Материал көзі: http://kazakhtest.kz/news/576657/