Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен 2022 жылдың 12-13 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі, №3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы базасында «Қазақстандағы мейірбикелік істің дамуы. Қазіргі шақ. Болашақ» халықаралық форумы өтті. Форум аясында «Медициналық мекемелерде клиникалық мейірбикелік нұсқаулар мен операциялық процедура стандарттары енгізу» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Форумда ҚМУ ҚДСЖМ «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасының меңгерушісі, PhD – Дариға Сансызбайқызы Смаилова спикер ретінде қатысты. Мастер-класс бағдарламасына келесі сұрақтар енгізілген: 1. «Мейірбике ісі мамандарының кәсіби ортасының дамуы және мейірбикелердің қайта даярлау жүйесін дамыту бойынша кеңестік қызметтер» үлкен жобаның 1.3 «Тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде мейірбикелік қызметті басқарудың жаңа жүйесін құру және енгізу» жоба нәтижелері; 2. «Clinical Care Classification» бейімделген мейірбикелік тәжірибенің Халықаралық классификаторына сәйкес клиникалық жағдайларды талқылау, мейірбикелік диагноз қою және т.б. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша Форум резолюциясының драфты дайындалды.