“ҚДСЖМ” ҚМУ Сіздің назарыңызға 2022 жылғы 22 сәуірдегі “Ғылым және жастар: жаңа сын-қатерлер мен шешу жолдары” Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша шығарылған материалдар жинағын ұсынады.
Жинақта медициналық көмекті басқару және ұйымдастыру мәселелері, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи тәсілдері, клиникалық және профилактикалық медицинаның өзекті мәселелері, COVID-19 байланысты проблемалар сияқты қоғамдық және практикалық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері қарастырылады.
Жинақ медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, практикалық дәрігерлердің, оқытушылар мен студенттердің кең ауқымына арналған.
Жинақты оқуға және pdf форматында жүктеуге болады.