2022 жылғы 26 мамырда “ҚДСЖМ” ҚМУ “Unipharm laboratories limited” өкілдігімен бірлесіп оффлайн/онлайн форматта “Pediatric Forum-2022: балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға деген көзқарастарды үйлестіру” ғылыми – практикалық конференциясын өткізеді (тікелей көрсетілім).
Ғылыми-практикалық конференция РФ мен ҚР жетекші педиатрларының арасында диалог қалыптастыруға, сондай-ақ балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау және нығайту мәселелерінде практикалық тәжірибені талқылауға және беруге бағытталған.
Шақырылған спикерлер:
- Ирина Николаевна Захарова – м.ғ. д., профессор, РФ еңбек сіңірген дәрігері,. академик Г.Н.Сперанский атындағы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің “Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясы” қосымша кәсіптік білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің емханалық педиатрия курсы бар педиатрия кафедрасының меңгерушісі.
- Денис Валерьевич Усенко – м.ғ.д., Роспотребнадзор орталық эпидемиология ҒЗИ директорының орынбасары.
Ғылыми-практикалық конференцияға қатысу Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерлерінің ғылыми-практикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Конференция соңында академиялық сағаттары көрсетілген сертификаттар беріледі.
Конференцияға тіркелу үшін сілтеме https://forms.gle/TuDgwF1nShfqMuhEA
Тіркелгеннен кейін онлайн режимге қосылу үшін сілтеме электрондық мекен-жайға жіберіледі.
Өтетін күні: 2022 жылғы 26 мамырда сағат 10.00-17.30 аралығында өтеді.
Өтетін орны: Holiday Inn Almaty, Тимирязева, 2д.
