«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті 2022 жылдың 1 ақпаны мен 31 мамыр аралығында докторантураға түсушілерге алдын ала іріктеу басталғаны туралы хабарлайды!
I. Алдын ала іріктеу: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бұйрығына сәйкес (06.08.2020 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен) докторантураға түсу үшін алдын ала іріктеу кезең болып табылады. «ҚДСЖМ» ҚМУ-да алдын ала іріктеуден өтпеген тұлғалар докторантураға түсу жөніндегі емтиханға жіберілмейді.
ЖШС «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университеті білім беру бағдарламалары бойынша оқу мерзімі 3 жылды құрайтын ғылыми-педагогикалық бағыттағы докторантураға түсушілерді алдын ала іріктеу кезеңінен өткізеді:
- D139- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- D141- «Медицина»
Докторантураға магистратураны бітіргендігі жөнінде құжаты бар және кемінде 1((бір) жыл жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурадан өткен тұлғалар қабылданады.
II. Докторантураға алдын ала іріктеуден өту үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:
- ҚМУ «ҚДСЖМ» ЖШС-тің ректорының атына өтініш жазу (1 қосымша);
- Жеке басты куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме);
- Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі (өткен жылдар түлектері үшін);
- Оқу орнынан анықтама (магистратура / резидентура магистранттары үшін);
- Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған кадрлық есеп бойынша жеке парағы немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат; Соңғы үш күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар) тізбесі;
- Болашақ зерттеудің жоспарлық бағдарламасы (жоспарлы-бағдарлама нысаны бойынша); Ғылыми журналдардағы жарияланымдар және мақалалар жинақтары (бар болған жағдайда);
- Ғылыми конференцияларға қатысу (бар болған жағдайда);
- Ғылыми гранттар (бар болған жағдайда);
- Ғылыми дипломдар мен марапаттар (бар болған жағдайда);
- Конференцияларға қатысқандығы жөнінде сертификаттар (бар болған жағдайда);
Сканерленген құжаттарды kmu_ksph@mail.ru электрондық пошта мекенжайына жіберу керек.
Тізімдегі құжаттардың толық түрін ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы талапкерлердің өтінішін қарамайды.
Докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген тұлғалардың бұрынғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру бағдарламаларының коды және тобы | Қажетті білім деңгейінің мамандығының коды және тобы |
D139 Қоғамдық денсаулық сақтау | Магистратура бойынша мамандықтар: 6М110100 – «Медицина»; 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 6М110300 – «Мейірбике ісі»; 6М110400 – «Фармация»; 6М110500 – «Медико-профилактикалық іс»; 6М110600 – «Қоғамдық денсаулық сақтау менеджменті»; 6М050600 – «Экономика»; 6М050700 – «Менеджмент»; 6М051300 – «Әлемдік экономика»; 6М030100 – «Юриспруденция». Резидентура (барлық мамандықтар). |
D141 Медицина | Магистратура бойынша мамандықтар: 6М110100 – «Медицина»; 6М110300 «Мейірбике ісі»; 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 6М110500 – «Медико- профилакалық іс». Резидентура (барлық мамандықтар). |
Барлық сұрақтар бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне хабарласыңыздар. Мобильдік телефон: +7 (771) 780-76-67; кеңселік телефон
+7 (727) 337 80 18 (ішкі №103), e-mail: kmu_ksph@mail.ru. Өтепов көшесі 19а.
Әрі қарайғы ынтымақтастыққа үміттенеміз!