2022 жылғы 5 маусымда біздің еліміздің өміріндегі қоғамдық маңызы бар кезең – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
“ҚДСЖМ” ҚМУ білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры Алмагүл Амангелдіқызы Қауышева университет қызметкерлерімен және білім алушыларымен кездесу барысында ҚР азаматтарының конституциялық құқығын іске асырудың маңыздылығы, алдағы іс-шараның тағдыр шешті рөлі, негізгі заңға енгізілген түзетулердің мазмұны туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.