Жас ғалым – постдокторанттардың 2022-2024 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша Жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымға дарынды жастарды тарту, жас зерттеушілердің үлесін арттыру.
2022-2024 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы – 10,45 млрд. теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2022 жылға – 1,67 млрд теңге, 2023 жылға – 4,38 млрд теңге, 2024 жылға – 4,4 млрд теңге.
Іске асыру мерзімі 28 ай болатын 1 (бір) жобаны қаржыландыру 19 млн теңгеден аспайды, оның ішінде: 2022 жылға – 3 млн теңгеден аспайды; 2023 жылға – 8 млн теңгеден аспайды; 2024 жылға – 8 млн теңгеден аспайды.
Грант ғылыми консультанттың қатысуымен постдокторанттың жеке зерттеу жұмысын жүзеге асыруға көзделеді.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 23 мамырынан басталады.
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 17 маусым.).
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу мәселелері бойынша “ҚДСЖМ” ҚМУ Ғылым және консалтинг департаментінің директоры – Карибаева Индира Казбековнаға хабарласуға болады. Байланыс тел. +7 7778238585, e-mail karibayeva.ik@gmail.com