2022 жылғы 16-21 мамыр аралығында Алматы қаласының №5 қалалық емхананың базасында “Орта медициналық персоналдың қызметіндегі қарым-қатынас дағдылары өзара іс-қимылдың тиімді құралы ретінде” атты тақырыпта біліктілікті арттыру циклі өткізілді.
Оқытуды “ҚДСЖМ” ҚМУ даму жөніндегі проректоры, ғ.фарм.к. –Елена Леонидовна Степкина өткізді.
Оқыту интерактивті түрде өтті, Ақпарат тыңдаушыларға кейстер, ситуациялық тапсырмалар және шағын топтардағы жұмыстар арқылы таныстырылды.
Біліктілікті арттыру циклы тестілеумен және тыңдаушылар қол жеткізген нәтижелерді қорытындылаған дөңгелек үстелмен аяқталды.
