2022 жылғы 20 мамырда Орталық қалалық клиникалық ауруханада медицина ғылымының докторы, профессорлар Манас Сейсембаев және Болат Баймахановтың төрағалығымен Хирургтар қоғамдастығының ғылыми-практикалық мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде мамандармен келесідей мәселелер қаралды:
– Шұғыл хирургиядағы ішек-асқазан анастомозды дәрменсіздігінің алдын алу.
➡Авторлары: А.Т. Жұмабеков, С.М. Жарменов, С.С.Қалиева, С.Ж. Жаңбырбаев, Б.Н. Жұмабеков. Баяндамашы: Б.Н. Жұмабеков.
– Перитонит кезінде анастомоз аумағына PRP – терапиясын қолданудағы клиинкалық жай.
➡Баяндамашы: Р.Е. Каштаев
–Ургентті ангиохирургиядағы шағынинвазивті тамырланатын операциялар.
➡Авторы: С.Е.Тұрсынбаев, Д.Д.Поцелуев, Р.А.Сапарбаев, Н.Ж.Аманкелдин, М.Е.Ержанов, С.А.Илиев. Баяндамашы: С.А.Илиев.
– Хирургиядағы ковидтен кейінгі асқынудың клиникалық жағдайлары. Диагнозы: аш ішектің уаскесінің некрозбен асқынған, сегментарлы тромбозбен үстіңгі шажырқайлық артерия тармағының мезентералды қан айналымынң жіті бұзушылығы. Жерг.ілікті қанағыш перитонит.
➡Авторлары: В.М.Мадьяров, Н.А.Исабеков, К.К.Амантаева, М.С. Байтөреев, Н.Т. Кемелханов, Н.А. Елеуов. Баяндамашы: Н.А. Елеуов.
Іс-шарада баяндаманы тыңдап белсенді қатысқан хирургтар, ангиохирургтар, резиденттер, бакалавриаттар.


