Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ғылыми зерттеу әдіснамасының қағидалары» туралы қонақ дәрісі өтеді.
Дәріс оқушы – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры м.ғ. к., профессор Есиркепов Марлен Махмудович.
Марлен Махмудович 20-дан астам өнертабыстың авторы, оның 3-і патент. Өнертабыстардың бірі “Шапағат-2009” Республикалық конкурсының “Жылдың үздік өнертабысы” деп танылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының Ғылым және техника саласындағы лауреаты – 2013; ҚР Білім және ғылым министрлігінің “ЖОО үздік оқытушысы – 2013” Білім беру грантының иегері; 250-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде Web of Science және Scopus деректер қорынан рецензияланған журналдарда.
Хирш индексі Web of Science дерекқоры бойынша 13 және Scopus дерекқоры бойынша 14-ке тең.
Өткізу күні мен уақыты: 2022 жылғы 21 сәуір сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.
Тіркелу уақыты: сағат 9:30-да.
Өтетін орны: “ҚДСЖМ” ҚМУ, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19 а, конференц-зал, 5 қабат.