«Білім беру – медициналық көмек сапасын қамтамасыз етудің маңызды аспектісі ретінде» атты дөңгелек үстел
Бүгін, ұзақ жылдан бері алғаш рет «Білім беру – медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етудің маңызды аспектісі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің бастамашысы және ұйымдастырушысы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті болды. Қазіргі уақытта сапалы кадрларға, денсаулық сақтау жүйесіндегі басқарушыларға деген қажеттілік бұрынғыдан да жоғары, және олардың даярлануы «ҚДСЖМ» ҚМУ-ға әрдайым белгілі болған. Дөңгелек үстел бағдарламасы өңірлерде кадрлық қамтамасыз ету бойынша мәселелерді жан-жақты талқылауды қамтыды: проблемалар мен оларды шешу жолдары; медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етудегі ЖОО рөлі және т.б. денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы сын-қатерлеріне жауап беретін жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру түлектерінің бәсекеге қабілетті құзыреттерін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер көтерілді. Жұмысқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының және Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.
Іс-шараның модераторы «ҚДСЖМ» ҚМУ ректорының м.а., м.ғ.д., профессор Ботагөз Саитқызы Турдалиева болды.
Руслан Сатывалдеевтің баяндамасы медициналық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтау сапасын жақсарту бағдарламаларын бағалау мен бақылауға арналды.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев «Жұмыс берушілердің көзқарасы бойынша түлектің заманауи портреті» тақырыбында баяндама жасады. Түлектердің мансабы кез-келген білім беру ұйымының беделінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Н.Б. Табынбаев өз сөзінде жұмыс беруші-медициналық ұйым басшыларының ЖОО түлектерін кәсіби даярлау сапасына қоятын негізгі талаптарын атап өтті.
Одан әрі Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева «Өңірлерде кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі: проблемалар мен шешу жолдары туралы» баяндамасымен таныстырды. Оның баяндамасында медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру проблемаларының аясында әсер ететін факторлар қарастырылды, статистикалық деректер, Алматы облысындағы ЖОО түлектері арасындағы еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайға талдау жасалды.
«ҚДСЖМ» ҚМУ ректорының м.а. Б.С. Турдалиева білім және медицина, ғылым және практикалық денсаулық сақтау салаларының өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін осылай талқылау университетте жақсы дәстүрге айналатынын атап өтті. Б.С. Турдалиева «Медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етудегі ЖОО-ның рөлі туралы» баяндамасында «ҚДСЖМ» ҚМУ сапалы және білікті кадрларды еңбек нарығына шығару үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын, бұл ретте ЖОО-ларға негізгі білім беру бағдарламаларының талаптарына бейімдеу үшін қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын білу аса маңызды екенін белгілеп өтті.
«ҚДСЖМ» ҚМУ-де жоғары оқу орны жұмысының тиімділігінің маңызды критерийлерінің бірі – өз түлектерін қолдауға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге басым көңіл бөлінеді.
«Алматы клиникалар қауымдастығы» ЖКжЗТБ атқарушы директоры, сонымен қатар «ҚДСЖМ» ҚМУ алғашқы және табысты түлектерінің бірі Расул Дюсенов медицина қызметкерлерінің мәртебесі мен құқықтарын қорғаудағы кәсіби қауымдастықтардың рөлі туралы айтып берді. Сөз соңында Б.С. Турдалиева дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, «ҚДСЖМ» ҚМУ ынтымақтастыққа ашық екенін және қатысушылардың ЖОО-мен өзара іс-қимыл бойынша ұсынған барлық ұсыныстарын қарауға дайын екендігін атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысы еңбек нарығында сұранысқа ие мақсаттарға қол жеткізуге, жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін құруға, жұмысқа магистранттар мен докторанттарды белсенді тартатын түлектер мен жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша жоғары оқу орнының тиімді өзара іс-қимылын жолға қоюға, сондай-ақ болашақ мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын ұғыну үшін жағдай жасауға, оған тұрақты қызығушылық танытуға, мамандық таңдау мен болашақ кәсіби қызметке даярлауға бағытталды.
Бұдан әрі дөңгелек үстел жұмысы білім беру және медициналық қызмет салаларының өзара іс-қимылына қатысты мәселелерді талқылау форматында өтті. Пікірталас барысында қатысушылар ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру, кәсіби мансапты құру және дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Баяндамаларда көтерілген мәселелер үлкен қызығушылық тудырды және қатысушылар арасында қызу талқыға түсті. Талқылау барысында сенімді фактілер келтіріліп, пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Дөңгелек үстел қорытынды жасаумен және одан әрі ынтымақтастық жоспарларын құру, яғни: «ҚДСЖМ» ҚМУ жұмыс берушілер кеңесін құру жөніндегі шешіммен аяқталды.


