Бүгін “ҚДСЖМ” ҚМУ-де әлеуетті білім алушылар үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша кәсіптік оқыту бойынша білім беру қызметтері туралы Ашық есік күні өтті.
Ашық есік күні “ҚДСЖМ” ҚМУ білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры А. А. Кауышеваның алғы сөзімен басталды. Өз сөзінде ол ЖОО-ның білім беру процесінің ерекшеліктері туралы айтып, қатысушыларға университетке деген қызығушылығы үшін алғысын білдірді. Ашық есік күні аясында “ҚДСЖМ” ҚМУ оқытудың артықшылықтары көрсетілген бағдарлама дайындалды.
Іс-шараға қатысушылар үшін университет бойынша таныстыру туры ұйымдастырылды, кафедра меңгерушілерімен және профессорлармен кездесу өткізілді, сондай-ақ университет қызметінің негізгі бағыттары көрсетілген презентация ұсынылды.
Анықтама: “ҚДСЖМ” ҚМУ ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 шілдедегі № 1142 қаулысымен Алматы қаласында құрылды.
“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті – қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын, клиникалық бейіндегі менеджерлер мен мамандарды даярлау және үздіксіз кәсіби дамыту, олардың біліктілігін арттыру, халықтың денсаулығын қорғау және саланы дамыту саласында талдамалық, сараптамалық зерттеулер жүргізу бойынша көшбасшы.
“ҚДСЖМ” ҚМУ миссиясы – сапалы білім, қолданбалы ғылым және тиімді консалтинг арқылы қоғам денсаулығын жақсарту болып табылады.
Университет келесідей құрамдарға кіреді:
- Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі Азия-Тынық мұхиты академиялық консорциумы (APACPH),
- Еуропалық аймақтың қоғамдық денсаулық сақтау мектептері қауымдастығы (ASPHER),
- Денсаулық сақтау және білім беру жөніндегі халықаралық одақ (IUHPE),
- Биомедицина және денсаулық туралы ғылымдар саласындағы докторлық білім беру жөніндегі еуропалық ұйымның (ORPHEUS) үздік халықаралық практикалар негізінде процестерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін пікірі.

