Қосымша кәсіптік білім алуды растайтын құжаттардың түпнұсқалығын “ҚДСЖМ” ҚМУ-да тексере аласыз.
Құрметті қосымша кәсіптік оқыту бойынша білім беру қызметтерінің тұтынушылары!
«ҚДСЖМ» ҚМУ сіз және сіздің жұмыс берушіңіз құжатқа енгізілген QR-кодтың көмегімен сертификаттық курстан, біліктілікті арттыру циклынан, семинардан өткені туралы куәліктің түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.
Бұл іс-шара қосымша кәсіптік білім алуды растайтын құжаттарға QR-кодты енгізу сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, құжаттардың бұрмалануын және қосымша кәсіптік білім беру саласында құжаттарды заңсыз алуға төзбеушілікті болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
Тексеру үшін сізге “ҚДСЖМ” ҚМУ сайтына сілтеме автоматты түрде ашылатын QR-кодты сканерлеу қажет, онда сіз оқу күні/кезеңі, сертификаттық курстың немесе біліктілікті арттыру циклінің немесе семинардың атауы, кредиттер/академиялық сағаттар саны және құжаттың тіркеу нөмірі туралы сенімді ақпаратты көре аласыз.