Ағымдағы жылдың 16 наурызында әлеуметтік медициналық сақтандыру ұлттық агенттіктерінің өкілдерінің қатысуымен – Нигяр Байрамова (Әзірбайжан), Мақсұт Құлжанов (Қазақстан), Клара Оскомбаева (Қырғызстан) “ТМД елдерінде әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары” тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарды ДДҰ-ның P4H денсаулық сақтау әлеуметтік желісі ұйымдастырды.
Спикерлер елдердің тәжірибесімен, әлеуметтік қорғауды жақсарту және денсаулық сақтау жүйесін барабар қаржыландыруды қамтамасыз ету жолындағы негізгі жетістіктермен және прогреспен алмасты. Сондай-ақ, денсаулық сақтауды қаржыландырудың басқа да мәселелері, заңнаманың және Сovid-19 пандемиясына қатысты реформалардың мақсаттары талқыланды.