ҚДСЖМ «Журнал клубы» сіздерді онкология саласындағы бастапқы буын деңгейіндегі мақаланы талқылауға қатысуға шақырады.
Журнал клубы профессор-оқытушылар құрамының, докторанттардың, магистранттардың кездесуін және денсаулық сақтау мен медицина саласындағы соңғы мақалаларды ашық талқылауды қамтиды. Журнал клубының мақсаты – ойлау дағдыларын дамыту және академиялық жазуды жақсарту.
Кездесу аясында Clarivate Analytics және Scopus базалары индекстейтін халықаралық журналдарға ұсыну үшін профессор-оқытушылар құрамының, докторанттардың қолжазбаларының жобалары талқылануы мүмкін. Кездесуде бір ғана мақала қаралады. Әрбір қатысушы зерттеу дизайнын, бағалау құралдарын, зерттеуде статистикалық талдауды қолданудың орындылығы туралы өз пікірін білдіре алады.
Ұйымдастырушы: “Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика” кафедрасы
Өтетін уақыты мен орны: 2022 жылдың 17 наурыз күні сағат 15.00-де, “ҚДСЖМ” ҚМУ мәжіліс залы, 5 қабат.
Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://forms.gle/xk4wi1po7BwYpxgYA