2022 жылғы 29 наурызда “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінің Жас ғалымдар кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің модераторы Стратегиялық даму жөніндегі проректор Елена Леонидовна Степкина болды.
“Медицина” білім беру бағдарламасы бойынша 1 оқу жылының докторанты Ерсариева Жадыра және “қоғамдық денсаулық сақтау” білім беру бағдарламасы бойынша 1 оқу жылының докторанты Намазбаева Жанар баяндама жасады.
Танысқаннан кейін Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға белсене қатысты. Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту бағыттары белгіленді.