“Диссертациялық кеңестерді ашу туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы №58 бұйрығына сәйкес “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінде 6D110200 “Қоғамдық денсаулық сақтау”, 6D110100 «Медицина» мамандықтары және 8D10101 “Қоғамдық денсаулық сақтау” 8D10141 «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық Кеңестер ашылды.
Диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы алқалы органдар.
Осыған байланысты, Диссертациялық кеңестерімізде диссертацияны қорғауға шақырамыз.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша “ҚДСЖМ” ҚМУ Ғылым және консалтинг департаментінің директоры – Карибаева Индира Қазбекқызына хабарласуға болады.
Байланыс.тел. +7 777 823 8585, e-mail karibayeva.ik@gmail.com
Previous