«ҚДСЖМ» ҚМУ-да «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы аясында 2-ші оқу жылының докторанттары үшін ғылыми тағылымдама өткізілді.
Ғылыми тағылымдама 21.02.2022-04.03.2022 аралығында «Денсаулық сақтаудағы инновациялық менеджмент» тақырыбы бойынша өтті.
Осы саладағы халықаралық жұмыс тәжірибесімен танысу мақсатында тағылымдама жұмысына әлемнің үздік 500 жоғары оқу орындарының қатарына кіретін Карл университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы шақыртылды. Карл университетінің эксперттері MBA, PhD Марина Алексеевна Канушина, және PhD, қауымдастырылған профессор Елена Сергеевна Тулупова спикер ретінде дәріс оқыды.
Докторанттардың Чехия мен ЕО мамандарының жұмыс тәжірибесімен танысуға, әріптестеріне сұрақтар қоюға және олармен кәсіби ортадағы тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігі болды.
Тағылымдама лектордың кәсібилігі, докторанттардың белсенді ұстанымы және бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысы арқасында сәтті өтті.