2022 жылғы 10 ақпанда «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» ҚМУ базасында университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында бір күндік семинар-тренинг өтті. Іс-шараны «ҚДСЖМ» ҚМУ эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика кафедрасы ұйымдастырды.
Семинарда профессор, м.ғ.д. – Б.Турдалиева; ЭДМжБ кафедрасының меңгерушісі, PhD – Д.Смаилова; ЭДМжБ кафедрасының завуч, м.ғ.м. –Б. Сыдықова; ЭДжБ кафедрасының профессоры, қауымдастырылған профессор, PhD – Н. Глушкова сөз сөйледі. Сондай-ақ, Шэньчжэнь университетінің 2022 жылғы халықаралық докторантура бағдарламасының өкілі Айима Адылова шақырылды.
Семинар тақырыбы магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми әлеуетін арттыруға арналды. Іс-шара аясында спикерлер докторлық зерттеулер мен диссертацияларға талап етілетін тақырыптарды, диссертацияны талқылау кезеңдерін; ғылыми метрикалық көрсеткіштерді, Clarivate Analytics және Scopus беделді деректер базасында индекстелетін NLM Catalog арқылы журналдардың ресми сайттарын іздеуді ұсынды. Сонымен қатар, авторлық куәлік алуға өтінім беру тәртібі, академиялық жазу дағдыларын дамыту әдістері, шетелдік және отандық кеңесшілермен ресми хат алмасу мәселелері қаралды.