Бүгін «ҚДСЖМ» университетінде қызметкерлермен кеңейтілген кеңес өткізілді. Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша «ҚДСЖМ» ҚМУ ректоры Ардақ Мұханбетжанқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, қызметкерлерге олардың еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдірді, сондай-ақ университеттің дамуына қосқан кәсіби үлесі мен мүдделілігі үшін келесі қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады:
1. Елена Леонидовна Степкина
2. Анар Николаевна Қасымбекова
3. Алма-Гүл Рахымқызы Рысқұлова
4. Айжан Сапарбекқызы Жолдасбекова
5. Дариға Сансызбайқызы Смайылова
6. Диана Әміржанқызы Қалиева
7. Ұлтуған Болғанбайқызы Ақшалова
8. Дана Әлібекқызы Жұмабекова
9. Дана Болатқызы Бақай
10. Дана Онласбекқызы Сәрсембаева
11. Дәурен Сундетқалиұлы Дияров
12. Жания Бекболаткызы Тұрықбаева
13. Ұлпан Нұрланқызы Кенжебек
14. Айдана Болатқызы Әмірова
15. Бейсембай Мұхтарұлы Әбдірайымов
16. Мехырбанум Рахымжанқызы Бараева
6-14 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «ҚДСЖМ» ҚМУ арнайы номинациялар бойынша бейнеконкурс өткізді. Бейнероликтерді сараптамалық бағалауды қазылар алқасы идеяның бірегейлігі, сюжеттің тұтастығы, мазмұндылығы, операторлық жұмыс, тақырыпты ашу және т. б. критерийлері бойынша өткізді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- «ҚДСЖМ өмірінің бір күні» номинациясында – Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының 1 курс докторанттары мен магистранттары;
- «Креатив» номинациясында – «Медицина» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттары;
- «Тәуелсіздікке 30 жыл» номинациясы бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Б. Имашева марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.