ТҮРКИЯДА «АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕКТІ ЖЕТІЛДІРУ. ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛЫ ӨТТІ
«ҚДСЖМ» ҚМУ медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Университеттің басты міндеттерінің бірі – шетелдегі серіктестік бағдарламалары бойынша түрлі мамандықтағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып саналады.
Осыған байланысты 2021 жылдың 29 қараша мен 04 желтоқсан аралығында Алматы облысының терапевт дәрігерлері Түркияда “Алғашқы медициналық көмек көрсетуде паллиативтік көмекті жетілдіру. Шетелдік тәжірибе ” атты цикл аясында стационар жағдайында және үйде паллиативтік көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдірді.
Дәрігерлер шетелде паллиативті көмектің мәселелері мен перспективалары; азаптың алдын алу және жеңілдету әдістері, ауырсынуды және басқа да физикалық белгілерді бағалау және емдеу (терапия); паллиативті көмекке мұқтаж пациенттерді басқару; паллиативті көмекке мұқтаж пациенттерге психоәлеуметтік және рухани қолдау; көп салалы топтың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ осыған байланысты тағы да басқа мәселелерді зерттеді. Біздің дәрігерлер әріптестерінің озық тәжірибесін қабылдай отырып, “MedicalPark” және “Medicana” сияқты Түркияның үздік көпбейінді клиникаларына барды.
Біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін білім алушы дәрігерлер халықаралық оқытудан өткені туралы сертификат алды.