2021 жылғы 7 желтоқсанда сағат 16:00-де «ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университетінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісімге қол қойылуының 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде кезекті вебинар өтеді.
Вебинар бағдарламасы:
Сағ. 16:00 «Халықтың денсаулығын басқарудағы МСАК рөлі»
Спикер – Toni Dedeu, ДДҰ Еуропалық бюросының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі аға сарапшысы.
Сағ. 16:30 «Мейірбикелерді дайындаудың тұжырымдамалық тәсілдері»
Спикер – Зәуре Алпанқызы Байгожина, «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК білім мен ғылымды дамыту департаментінің директоры
Сағ. 17:00 «МСАК деңгейінде мектеп медицинасын дамыту мәселелері»
Спикер – Динара Нұрғалиқызы Маханбетқұлова, «ҚДСЖМ» ҚМУ «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасының доценті.
Бұл вебинар Денсаулық сақтау басшылары мен менеджерлері, медицина қызметкерлері және барлық мүдделі адамдарға қызық болады.
Вебинар Zoom платформасында өтеді. Вебинардың ұзақтығы-2 сағат.
ҚАТЫСУ-ТЕГІН!
Көрсетілген сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://forms.gle/JXd2KRuFeGSiW91S8
ZOOM конференциясына қосылу:
Конференция идентификаторы: 854 4149 1431
Кіру коды: 714736
Естеріңізге сала кетейік, «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университеті ДДҰ Еуропалық орталығының қолдауымен 2021 жылғы 26 қазаннан бастап апта сайын қазақстандық және халықаралық спикерлердің, жетекші сарапшылардың қатысуымен қазақстандық дәрігерлер үшін тегін вебинарлар өткізуде. Вебинарлар Қоғамдық денсаулық, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, Денсаулық сақтау менеджменті, эпидемиология және басқа да өзекті мәселелер саласындағы білімді арттыруға бағытталған.
Вебинар қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық поштаға: a.kulmanova@ksph.kz жазыңыз. Немесе +7 771 780 7667 байланыс телефонына хабарласыңыз.