Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік жас ғалымдар – 2021» халықаралық кітап басылымы – ТМД елдерінің жас ғалымдарының ғылымы мен жеке жетістіктерін насихаттауға бағытталған бірегей жоба. Бұл байқауға халықаралық ынтымақтастық пен ғылымды одан әрі интеграциялау шеңберінде әр түрлі мәселелер бойынша ғылыми жаңалықтарға құмар Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалысының жетекшілері мен белсенділері, ұлттық құрама мүшелері, Олимпиада ойындарының, халықаралық және спорттық жарыстардың лауреаттары мен жүлдегерлері жас және талантты тұлғалары қатысты.
Біздің университеттен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2 курс докторанты Шуренова Махаббат Бисембаевна қатысып, ТМД елдерінің «Үздік жас ғалымы – 2021» арнайы төс белгісімен, құрмет грамотасымен, «Үздік жас ғалымдар» жинағымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: профессор, м. ғ. д. Құрал Құрақбайұлы Құрақбаев.
Шуренова Махаббатты жоғары марапатпен құттықтап, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!