2021 жылғы 23 қарашада ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісімге қол қойылуының 25 жылдығына, Астана декларациясына қол қойылуының үш жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде эпидемиология және қоғамдық денсаулық саласындағы білімді арттыруға бағытталған халықаралық және қазақстандық спикерлердің қатысуымен вебинар өтті. Вебинардың модераторы Алмагүл Амангелдіқызы Қауышева, «ҚДСЖМ» ҚМУ білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры өз сөзінде бір айда өткізілген іс-шарада сапалы медициналық көмек көрсетуді жақсарту құралдары, жаңа буын менеджерлерін даярлау, ұлттық және халықаралық аккредиттеу және т. б. әртүрлі тақырыптар талқыланғанын айтты. Ол «ҚДСЖМ» ҚМУ кадрларды даярлауға, сондай-ақ оларды оқыту мен дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Өз баяндамасын бастамас бұрын профессор Уәлихан Исаұлы Ахметов белсенділік пен кері байланысты арттыру мақсатында вебинарға қатысушыларға қоғамдық денсаулық ұғымдарын, олардың функцияларын ашып көрсету үшін сауалнама жүргізді. Профессор өз баяндамасында ДДСҰ ЕӨБ-нің 62-ші сессиясында бүкіл әлем бойынша қоғамдық денсаулық мектебі қауымдастығымен бірлесіп жасалған қоғамдық денсаулық сақтау функцияларына назар аударды. Қоғамдық денсаулықтың көрсетілген функциялары негізінде белгілі бір модульдік рамкадан құрылған. Модульдік рамка – бұл қоғамдық денсаулықтың жедел функциясы мен қоғамдық денсаулық саласындағы деңгейдегі мамандардың құзыреттілігінің үйлесімі.
Модератор келесі баяндамашыны Dr. Reethi Debnath шетелдік ғылыми кеңесші, бағдарлама үйлестірушісі (қоғамдық денсаулық сақтау), Мәулана Абдул Калам Азал технологиялық университетінің NSHM медицина ғылымдары мектебінің Денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісін таныстырды. Вебинар аясында спикер өз елінің эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып, Үндістанның көзқарасы бойынша Covid 19-ны бақылау және алдын алу мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтауды эпидемиялық қадағалау жүргізудің халықаралық тәжірибесімен және құралдарымен бөлісті.
«ҚДСЖМ» ҚМУ «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасының меңгерушісі Дариға Сансызбайқызы Смаилова «Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы технологиялар мен деректер көздері» тақырыбында баяндама жасады. Дариға Сансызбайқызы өз баяндамасында эпидемиология ұғымы мен оның мақсаттарын толығырақ ашты. Сонымен қатар, ол себеп-салдар байланысын анықтау үшін эпидемиологтар зерттейтін қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ, басты назар аударатын жағдай, ол: эпидемиологиялық зерттеулерді биостатистика негізін білмей өз бетінше орындау мүмкін емес екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан медициналық университетінде магистратура және докторантура бағдарламасы шеңберінде тиісті біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылатынын айтты.
Барлық оқыту модульдері «ҚДСЖМ» ҚМУ сайтында орналастырылған.
Вебинар соңында модератор спикерлер мен қатысушыларға вебинар аясында қызығушылық пен белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол 2021 жылдың 7 желтоқсанында алғашқы медициналық-санитарлық көмек тақырыбында өтетін вебинарды хабарлап өтті.
Өткен вебинарға 120-дан астам адам қатысты.