РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА: “АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ОҢАЛТУ КӨМЕГІ. ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ” ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛЫ ӨТТІ
Ресей Федерациясында 2021 жылғы 22-28 қараша аралығында Алматы облысының реабилитолог дәрігерлері “Амбулаториялық деңгейде оңалту көмегі. Шетелдік тәжірибе” атты халықаралық біліктілікті арттыру циклы өтті. Дәрігерлер медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешенді іс-шараларын көрсету мәселелері бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдірді. Жобаның аясында дәрігерлер шетелде оңалту көмегінің проблемалары мен перспективалары, емхана және/немесе медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету деңгейінде оңалту көмегін ұйымдастыру, медициналық сақтандыру жағдайында амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінің тиімді оңалту бағдарламалары (шетелдік тәжірибе), емхана деңгейінде науқастарды оңалтудың заманауи әдістері, мульти тәртіптік топтың жұмысын ұйымдастыру сияқты мәселелерді зерттеді. Біздің дәрігерлер И. М. Сеченова атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің оңалту орталығына барды, сондай-ақ ресей әріптестерінің озық тәжірибесін қабылдады деп сенеміз.
Біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін реабилитолог дәрігерлер халықаралық оқудан өткені туралы сертификат алды.
