16 қарашада «ҚДСЖМ» ҚМУ ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісімге қол қойылуының 25 жылдығына, Астана декларациясына қол қойылуының үш жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде кезекті вебинар өткізілді. Вебинар медициналық ұйымдардағы басқарудың заманауи әдістері және менеджердің рөлі тақырыбында болды.
Вебинарға Vithas Xanit International білім беру және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша консультанты Ирина Ибрагимова; «ҚДСЖМ» ҚМУ «Денсаулық сақтау менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Әділханұлы Камалиев; білім және ғылыми қызмет жөніндегі проректор, м.ғ.к. Алмагүл Амангелдіқызы Кауышева қатысты.
Өз сөзінде Алмагүл Амангелдіқызы «ҚДСЖМ» ҚМУ медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мәселелерінде көп жылдық тәжірибесі бар шетелдік және отандық сарапшылармен жұмыс атқаратынын атап өтті. Вебинар медициналық білімді арттыру, сондай-ақ оны қызмет көрсету сапасын жақсартуда әрі қарай практикада қолдану мақсатында ұйымдастырылды.
Ирина Ибрагимованың баяндамасы БМСК-дегі стандарттау және тәуекелдерді басқару секторындағы өзекті тақырыпқа арналды. Спикер бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту үшін халықаралық стандарттар шеңберінде сапалы және қауіпсіз көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесімен және құралдарымен бөлісті. Өз сөзінде Ирина Ибрагимова: «Стандарт қызмет көрсету процесінде қателерді азайтады. Еуропаның Денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі тенденциясы – медицинадағы регламенттерді экономикалық тиімділік тұрғысынан да, стандарттау тұрғысынан да күшейту», – деді.
Вебинардың жалғасында Мақсұт Әділханұлы «Денсаулық сақтаудағы менеджмент: қазіргі заманғы трендтер» тақырыбына терең шолу жасады, менеджмент пен оның мақсатын, басқару түрлерін, білім менеджментін, бизнес этикасын және т.б. анықтаудан бастап экономикалық басқарушылық ойдың тарихын сипаттады.
Алмагүл Амангелдіқызы қорытынды баяндамасында университеттің қалыптасу хронологиясын сипаттап, Денсаулық сақтау басқарушылары мен менеджерлерін даярлаудағы «ҚДСЖМ» ҚМУ рөлін атап өтті. «ҚДСЖМ» ҚМУ қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау менеджменті, төтенше жағдайлар медицинасы, нутрициология бағыттары бойынша орталық кеңсе болып табылатынын атап өтті.
Вебинар соңында модератор барлық спикерлер мен қатысушыларға алғысын білдіріп, 2021 жылғы 23 қарашада эпидемиология мен қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелеріне арналған келесі вебинар жоспарланып отырғанын хабарлады.
Вебинарға 160-қа жуық адам қатысты. Айта кету керек, тыңдаушылар чатта белсенді сұрақтар қойып, өткізілген іс-шара туралы оң пікірлермен кері байланыс қалдырды. Тыңдаушылар тарапынан танытқан қызығушылық вебинарда көрсетілген тақырыптардың өзектілігі, қол жетімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Вебинарға тіркелген және қатысқан жағдайда қатысушыларға сертификаттар берілетінін естеріңізге сала кетейік.