2021 жылғы 09 қарашада ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісімге қол қойылуының 25 жылдығына орай, Астана декларациясына қол қойылуының үш жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде кезекті вебинар өтті.
Вебинар модераторы – «ҚДСЖМ» ҚМУ ректоры, PhD Ардақ Мұханбетжанқызы Әуезова іс-шараның қоғамдық денсаулық сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және басқа да өзекті мәселелер бойынша білімді өзектендіру және арттыру мақсатында өткізілетінін атап өтті. Модератор сөз сөйлеу барысында шетелдік және отандық спикерлерді таныстырды.
Өз баяндамаларында медициналық қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі жетекші сарапшы, ДДҰ кеңесшісі, Еуропадағы ауруханаларды аккредиттеудің алғашқы бағдарламасының негізін қалаушы Чарльз Шоу (Charles Shaw), сондай-ақ ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі еуропалық орталығының техникалық қызметкері Железняков Евгений (Zheleznyakov Evgeny) медициналық көмектің сапасы, оның қоғамдық денсаулық сақтаумен байланысы және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жетекші рөлі туралы ұғымды толығырақ ашты. Бұдан басқа, шетелдік сарапшылар Вебинар аясында спикерлер медициналық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтау сапасын жақсарту бағдарламаларын іске асыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, вебинарға қатысушыларға клиникалық нұсқаулық ұсынды.
Бағдарламаны жалғастыра отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Мустафьевна Ахметниязова «Қазақстан Республикасындағы медициналық қызметтердің сапасын бақылау» тақырыбында баяндама жасады. Лаура Мустафьевна республикамыздағы қызмет көрсету сапасын басқару жүйесінің өзгеруіне қатысты негізгі мәселелерді атап өтті.
Әрі қарай денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккредиттеу орталығының төрағасы – Ботагөз Төлеуғалиқызы Каупбаева халықаралық қағидаттар негізінде ҚР аккредиттеу жүйесімен, сондай-ақ денсаулық сақтау сапасы бойынша халықаралық қоғаммен баяндады. Спикер денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккредиттеу орталығының қызметі туралы ақпарат берді.
Бұдан әрі тыңдаушылар алдында сөз сөйлеген білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректор, м.ғ.к., Ұлттық аккредиттеу жөніндегі сарапшы Алмагүл Амангелдіқызы Қауышева Қазақстан Республикасындағы сыртқы кешенді бағалау процесіне, халықаралық тәжірибеге негізделген және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған аккредиттеу стандарттарын сақтау қажеттігіне назар аударды.
Вебинарға 180-нен астам тыңдаушы қатысты, олардың ішінде «ҚДСЖМ» ҚМУ әр жылда бітірген түлектері мен білім алушылары, денсаулық сақтау басшылары мен менеджерлері, оқытушылар, медицина қызметкерлері болды. Вебинар тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, іс-шара аясында тыңдаушылар чаттағы медициналық көмекке қатысты сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Барлық түскен сұрақтарға кері байланыс жүргізілетін болады.
Іс-шараны қорытындылай отырып, «ҚДСЖМ» ҚМУ ректоры барлық қатысушыларға, спикерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, 2021 жылғы 16 қарашада өтетін денсаулық сақтау менеджментінің өзекті мәселелеріне арналған келесі вебинардың өтетінін хабарлады. Сөз соңында ректор университетте медицина қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру циклдері бар екенін хабар етті.
«ҚДСЖМ» ҚМУ 2021 жылдың соңына дейін қоғамдық денсаулық сақтау, менеджмент, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, эпидемиология және т. б. тақырыптар бойынша вебинарлар сериясын жалғастыруда.
Бағдарламалар https://ksph.edu.kz/сайтында ұсынылады.