2021 жылғы 26 қазанда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісімге қол қойылуының 25 жылдығы, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Астана декларациясына қол қойылуының 3 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында вебинардың салтанатты ашылуы мен бірінші сессиясы өтеді.
“ҚДСЖМ” ҚМУ барлық жыл оқитын түлектерін және басқа да мүдделі тұлғаларды вебинарға қатысуға шақырамыз!
Вебинар аясында қазақстандық және халықаралық спикерлер, Қоғамдық денсаулық, МСАК, Денсаулық сақтау менеджменті, психикалық денсаулық және эпидемиология саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйлейді.
Вебинар ZOOM платформасында, қашықтан кіру режимінде өтеді.
Бағдарлама мен кесте төмендегі кестеде келтірілген.

Previous