“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті бойынша әдіснамалық орталық ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталығының қолдауымен Мектептің ашылуының 25 жылдығына, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Астана декларациясына қол қойылуының 3 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған вебинарлар сериясын дайындады.
Вебинар 2021 жылдың 26 қазанында сағат 11.00-де басталып, 2021 жылдың соңына дейін жалғасын табады. Вебинар аясында Қоғамдық денсаулық сақтау, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек, Денсаулық сақтау менеджменті, психикалық денсаулық және эпидемиология саласындағы жетекші сарапшылар және қазақстандық, халықаралық спикерлер сөз сөйлейді, нәтижесінде тыңдаушылар кәсіби құзыреттіліктерін және білімдерін арттырады.
Оқыту ZOOM платформасында, қашықтықта өтеді. Вебинарға қатысу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін оқу модульдері қол жетімді болады.
Алдағы вебинарлардың бағдарламасы мен кестесі сайтта алдын ала жарияланып отырады.
Вебинар соңында қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі. Сондай-ақ, алдағы іс-шаралар, сабақтар, курстар және т.б. туралы өзекті ақпараттар тұрақты түрде таратылып отырады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
8 771 780 76 67
Previous