2021 жылдың 13 қазанында “Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі” Қазақстандық медицина университетінде Бекмахан Құралбаев атындағы дәрісхананың салтанатты ашылуы және 2020 жылы “ҚДСЖМ” ҚМУ тағайындаған атаулы грантты тапсыру рәсімі өтеді. Сондай-ақ, іс-шара аясында Бекмахан Сыбанбайұлының жеке кітапханасынан университет кітапханасына кітаптар сыйға тарту етіледі.Салтанатты шараға әріптестері, шәкірттері, отбасы мүшелері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттар қатысады. Бекмахан Сыбанбайұлын еске алуға Е. Е. Дурумбетов, Т. Ш. Әбілдаев, Р. К. Албаев, С.Б.Байкошкарова, В.Н. Локшин, Б.Н. Садыков және басқа да көптеген замандастары келеді.Атаулы аудиторияның ашылуы ЖОО үшін өте маңызды оқиға болып табылады, өйткені Университетте білім алушылар ғылыми қызметімен, өнегелі өмір жолымен отандық денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан еліміздің біртуар азаматтарын білуі керекБекмахан Сыбанбайұлы Құралбаев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосты. Әр жылдары Бекмахан Құралбаев Алматы № 5 ҚКА бас дәрігері, Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының Денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Алматы қаласының № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді; ҚР ПІБ Медициналық орталығының “Алматы шипажайы” АҚ президенті. 300-ге жуық ғылыми еңбектің, 10-нан астам монографияның, 30-дан астам әдістемелік ұсынымдардың авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 7 докторлық және 15 кандидаттық диссертация қорғалды.Айта кеткеніміз жөн, “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті биыл өз қызметінің 25 жылдығын атап өтеді. Университет осы жылдар ішінде денсаулық сақтаудың сұранысқа ие кадрларының ұстаханасына айналды. “ҚДСЖМ” ҚМУ тұрақты түрде денсаулық сақтаудың бастапқы буынының мамандарына, барлық деңгейдегі медициналық ұйымдардың басшыларына ғылыми білімнің маңызды көзі болып қала отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми орталық ретінде көшбасшылық позицияны берік ұстанып келеді.