Қазақстандағы Франция Елшілігінің ынтымақтастық жөніндегі атташе Александра Тиркюир-Менс және Кюри институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Пьер Анури білім және ғылым саласында әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында “ҚДСЖМ” Қазақстандық медициналық университетіне жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында жоғары оқу орнының таныстырылымы презентация түрінде ұсынылып, “ҚДСЖМ” ҚМУ мен Кюри институты арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерін бірлесіп оқыту, тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. мәселелер қозғалды. Кюри институты бай 100 жылдық тарихы бар және биофизика, молекулалық биология және онкология саласындағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі болып табылады.
Жалпы, “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті Еуропа, Азия және Америка елдерінің білім беру ұйымдарымен, елшіліктерімен және ғылыми-білім беру қорларымен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Сондай-ақ APACPH, ASPHER, IUHPE, ORPHEUS сынды халықаралық ұйымдардың тұрақты мүшесі.
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті кездесуді ұйымдастырғаны үшін Францияның Қазақстандағы Елшілігіне алғысын білдіреді және денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы екі жақты әріптестік қатынастарды дамытуды көздеген ынтымақтастыққа үміттенеді.