148 магистрант “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінің түлегі атанды!
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты дипломды табыстау салтанатты рәсімі барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, ашық аспан астында өтті. Салтанатты шараға 148 магистранттың 40-тан астамы қатысты, өйткені қазіргі уақытта көптеген түлектер коронавирустық инфекцияны емдеуге және алдын-алу шараларына қатысып, COVID-19 індетімен күрестің алдыңғы шебінен табылуда.
Биылғы жылы магистр дәрежесін растайтын дипломдарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша 148 магистрант алды:
- “Қоғамдық денсаулық сақтау” – 96 магистрант;
- «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»-33 магистрант;
- “Медицина” -10 магистрант;
- “Денсаулық сақтаудағы IT – Менеджмент” – 3 магистрант;
- “Эпидемиология” – 5 магистрант;
- “Гигиена” – 1 магистрант.
“ҚДСЖМ” ҚМУ-да Ashyq жүйесі жұмыс істейді, барлық жеке қорғаныс құралдары бар, барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар сақталады.
Қазіргі уақытта “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті барлық вакцина алған магистратура оқу бағдарламасына құжат тапсырғандар үшін бонустар бағдарламасы мен көтермелеу әлеуметтік лотереясын жариялады:
Магистратура бағдарламасына түскендердің барлығы Maxi-де дұрыс тамақтану сертификатына (10 000 теңге) ие болады, сондай-ақ олардың арасында біз планшет, телефон және кампуста тегін тұру түрінде жүлделерді ұтысқа саламыз.
Толығырақ сайтта: https://ksph.edu.kz/