2-курс докторанты Исабекова Самал 15 маусымда 2021 жылы Испанияда өткен IUHPE Еуропалық денсаулық сақтау конференциясында «Қазақстандағы медициналық студенттер арасында COVID-19 пандемиясы кезінде денсаулықтың цифрлық сауаттылығы» атты ауызша презентациясын сәтті өткізді ((Ғылыми кеңесші, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Арингазина Алтын Муафиковна).
1 курс докторанттары Касымбекова Фатима, Нысанбаева Құлман, Абдулла Венера, Жетписбаева Индира 2021 жылы 16 маусымда постермен презентация жасады (Ғылыми кеңесші, эпидемиология және биостатистика кафедрасының доценті PhD Глушкова Наталья Егоровна).