2020 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша ғылыми ұйымдар мен медициналық жоғары оқу орындарының рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша “ҚДСЖМ” ҚМУ клиникалық емес бейіндегі ұйымдар арасында бірінші орынға ие болды.
Соңғы екі жылда барлық критерийлер бойынша айтарлықтай прогресс байқалғанын атап өткіміз келеді. Біздің университет келесі индикаторлар бойынша көш бастап тұр:
“Ғылыми зерттеулерден түскен пайда көлемі»
“WoS , Scopus , Springer жарияланымдарының саны»
“Ғылыми жұмыстарды дәйексөз ету»
“Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны».
Ең алдымен, бұл “ҚДСЖМ”ҚМУ ұжымының үлкен еңбегі. Біздің қызметкерлерге олардың күш-жігері мен еңбегі үшін алғыс айтқымыз келеді. Баршаңызды жаңа жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және университетімізге одан әрі жетістіктерге жете беруді тілейміз!