“ҚДСЖМ” ҚМУ басшылығы бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер шеңберінде әріптестік қатынастар орнату үшін қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласындағы ортақ мүдделерді айқындау мақсатында жұмыс барысымен Қазақ ұлттық аграрлық университетіне барды. Қазіргі уақытта ҚазҰАУ ауыл шаруашылығы, биотехнология, агротехнология және басқа да бағыттар саласындағы жетекші ғылыми – зерттеу университеті болып табылады. Университет әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен жаңа білім мен технологиялар трансферті негізінде үздік тәжірибелерді шоғырландырады және енгізеді.
Университет әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен жаңа білім мен технологиялар трансферті негізінде үздік тәжірибелерді шоғырландырады және енгізеді.
“ҚДСЖМ” ҚМУ басшылығының ҚазҰАУ өкілдерімен кездесуі кезінде жетекші инновациялық орталықтар көрсетілді: биологиялық, азық-түлік, экологиялық қауіпсіздік және биотехнология мәселелері бойынша ашық типтегі жетекші орталық болып табылатын Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы; фермерлердің алдында тұрған нақты проблемаларды шешуге бағытталған сапалы зерттеулерді дербес генерациялау не қажет болған жағдайда әлемнің жетекші технологиялық компанияларын тарту мүмкіндігіне ие ғылыми-техникалық базасы бар Агротехнологиялық Хаб.
Қазіргі кездегі денсаулық сақтаудың көптеген жаһандық проблемалары, соның ішінде жұқпалы аурулар, дұрыс тамақтанбау және жұқпалы емес аурулар биоәртүрлілік пен экожүйенің құлдырауымен байланысты екенін айта кету керек. Жаһандану және заманауи өмірдің басқа факторлары биологиялық түрлердің жойылуына әкеледі және экожүйелерге бұрын-соңды болмаған қарқынмен зиян келтіреді.
Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды дамытуды, сондай-ақ қоғамдық денсаулық саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді биоалуантүрлілікті және экожүйелердің денсаулығын зерделеуді ескере отырып жүргізу қажет.
“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласында инновациялық технологияларды генерациялау мен трансферттеуге бағдар ұстап отыр, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу шеңберінде екі университеттің жоспарланып отырған коалициясы қазақстандық ғылымды дамыту мақсатында маңызды қадам болып табылады.