ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» докторантураға түсушілер үшін алдын ала іріктеу өткізудің басталғаны туралы хабарлайды 2021 жылдың 1 ақпанынан 31 мамырына дейін!
I Іріктеу кезеңі:
ҚР Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бұйрығына сәйкес (08.06.2020 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен) іріктеу кезеңі докторантураға түсу үшін міндетті кезең болып табылады. ҚМУ «ҚДСЖМ» іріктеу кезеңінен өтпеген тұлғалар докторантураға түсу үшін түсу емтихандарына жіберілмейді.
ЖШС Қазақстан медицина университеті «ҚДСЖМ» білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға түсушілерге іріктеу кезеңін жүргізеді:
– D139-«Қоғамдық денсаулық сақтау»;
– D141-«Медицина».
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 3 жыл.
Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жылдық стажы бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.
II Докторантураға алдын ала іріктеуден өту үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:
- ЖШС ҚМУ «ҚДСЖМ» ректорының атына өтініш (қосымша 1);
- Жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмесі (өткен жылдардың түлектері үшін);
- Оқу орнынан анықтама (магистратура/резидентура бітіруші курс студенттері үшін);
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
- Соңғы үш жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар) тізімі;
- Болашақ зерттеудің жоспар-бағдарламасы; (Жоспар-бағдарлама нысаны)
- Ғылыми журналдардағы және еңбек жинақтарындағы жарияланымдар (болған жағдайда);
- Ғылыми конференцияларға қатысу (болған жағдайда);
- Ғылыми гранттар (болған жағдайда);
- Ғылыми дипломдар мен марапаттар (болған жағдайда);
- Конференцияларға қатысу сертификаттары (болған жағдайда);
Сканерленген құжаттарды kmu_ksph@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.
Тізімдегі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден түскен өтініштерді қарамайды.
Докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру бағдарламаларының коды және тобы | Талап етілетін білім деңгейі мамандығының коды және атауы |
D139 Қоғамдық денсаулық сақтау | Магистратура келесі мамандықтар бойынша: 6М110100 – «Медицина»; 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 6М110300 – «Мейірбике ісі»; 6М110400 – «Фармация»; 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс»; 6М110600 – «Денсаулық сақтау менеджменті»; 6М050600 – «Экономика»; 6М050700 – «Менеджмент»; 6М051300 – «Әлемдік экономика»; 6М030100 – «Юриспруденция». |
Резидентура (барлық мамандықтар). | |
D141 Медицина | Магистратура келесі мамандықтар бойынша: 6М110100 – «Медицина»; 6М110300 – «Мейірбике ісі»; 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс». |
Резидентура (барлық мамандықтар). |
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне хабарласуға болады
моб. тел.: +7 (771) 780-76-67;
жұмыс тел.: + 7 (727) 337 80 18 (ішкі 103)
e-mail: kmu_ksph@mail.ru
ҚМУ «ҚДСЖМ» Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а мекенжайы бойынша орналасқан.
Ұзақ ынтымақтастыққа үміттенеміз!