Кездесудің ұйымдастырушылары:
Қазақстандық стоматология саласы жастарының қауымдастығы
Бұл іс-шараның шеңберінде стоматология саласындағы белгілі тұлғалар шақырылды:
-медицина ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рузуддинов Саурбек Рузуддинович
-С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стоматология мектебінің деканы Дильбарханов Басымбек Пердебекович
«DSA» Алматы стоматологтар мектебінің басшысы Естаева Айжан Сержановна
Ұйым мүшелері топтық тренингтер және шеберлік кластар өткізді. Кездесу барысында шақырылған спикерлер белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыстады.
«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» университеті жастарды көтеруге мүдделі. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, барлық қатысушыларға санитариялық нормаларды сақтау қағидалары туралы ескертілді.