Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыру сабақтарды өткізудің белсенді және интерактивтік нысандарын, соның ішінде дәрістер (проблемалық, интерактивтік, дәріс-пікірталастар), бейнедәрістер, денсаулық сақтау мамандарының қонақ дәрістері, жобалау-бағдарланған әдіс, кейс-стади, іскерлік және рөлдік ойындар, “миға шабуылдау” әдістері және топтық пікірсайыстарды пайдалана отырып, күндізгі, қашықтықтан және аралас оқыту форматтарында жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор М.А. Камалиев магистранттармен отандық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады.