
Ултуган Болганбаевна Акшалова– «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университетінің кітапханашысы
Білімі:
Челябинск мемлекеттік мәдениет инситуты.
51.03.06 мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі.
Кітапханалық-ақпараттық қызмет.
Еңбек өтілі:
Арқалық қ. №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
кітап сақтау бөлімінің кітапханашысы.
Сертификаттары:
2019 жылы Мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы
бойынша В2 ортадан жоғары деңгей курсын аяқтады
(жаңа қазақ әліпбиіне негізделген).
Email: u.akshalova@ksph.kz
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің кітапханасы – денсаулық сақтау саласында білікті мамандарды дайындау бойынша оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми үдерістің тіректік базасын, ғылыми-ақпараттық мекемені қамтитын университеттің маңызды бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Кітапхана қоры оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық әдебиетпен жарақтанған. Жиынтықтаудың қосымша көздері болып университеттің және басқа да ұйымдардың профессорлық-оқытушы құрамынан сыйға берілген кітаптар болып табылады.
Кітапхана халықаралық стандарттарға сәйкес келетін «Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі» бойынша жұмыс жасайды. Барлық ғылыми және оқу әдебиетін мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде көрсететін «Электрондық каталог» және «Электрондық ресурстар», сонымен қатар «Оқырмандар картотекасы» деректер базасы құрылуда.
Магистранттарды, докторанттарды және профессорлық-оқытушы құрамды жаңа әдебиетпен таныстыру мақсатында кітапханада «Рухани жаңғыру» кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 үздік оқулық» жобасы аясында («Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» немесе «Рухани жаңғыру”) аударылған оқулықтар ұсынылған. Бұл оқулықтарды қазақ тілінде аудару және шығару қазақстандық жоғары білім беру саласын дамытуға және ғылымды нығайтуға маңызды үлесін қосады. Оқулықтарды аудару жұмысына ЖОО жетекші оқытушыларының қатарынан 300-ден аса маман, редакторлар, тәжірибелі мамандар және лингвистер қатысты. Оқулықтардың электрондық нұсқалары «Қазақстанның ашық университеті» порталында– www.OpenU.kz және www.100kitap.kz. сайтында қолжетімді.
Білім және ғылым министрлігі бірыңғай ғылыми-ақпараттық орта қалыптастыру, ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарының білім алушыларын, зерттеушілерін электрондық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында шетел ақпараттық ресурстарына тегін орталықтандырылған қолжетімділік ұсынады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Clarivate Analytics (Thomson Reuters), Springerlink электрондық ресурстарына қолжетімділік ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасы, Ұлттық электрондық кітапхана (ҚазҰЭК), ҚР Ғылымдар академиясы кітапханасы, ҚР Статистика комитеті, Әділет, Заң-Закон, DOAJ, Book.ru, Әлемдік цифрлық кітапхана және басқа электрондық толық мәтінді ресурстарға еркін қолжетімділік ұсынылған.
Сондай-ақ, келесі толық мәтінде ресурстарға қолжетімділік ашық:
– ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасы,
– Ұлттық электрондық кітапхана (ҚазҰЭК),
– ҚР Ғылымдар академиясы кітапханасы,
– Қазақстанның ашық университеті,
– Қазақстанның Клиникалық медицинасы журналы,
– BioMed Central,
– Sciences Engineering Medicine,
– ҚР Статистика жөніндегі комитеті,
– Әділет,Заң-Закон,
– DOAJ,
– Book.ru,
– Әлемдік цифрлық кітапхана және т.б.
Арингазина А М ҚД жүйесінде денсаулықты нығайту
Арингазина А М Денсаулық сақтау саясаты
Арингазин А М Рецензияланатын журналдардағы ғылыми мақалалар жарияланымы
Бримжанова М Д Денсаулық сақтаудағы сапа менеджменті жүйесі
Жолдасбекова А С Адам ресурстарын басқару
Искакова Н НБиомедициналық этикаға кіріспе
Калел Ж С Денсаулыққа ықпал етуді бағалау
Калиева Д А Ұйымдық мінез-құлыққа кіріспе
Камалиев М А Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі
Каусова Г К Сапалы ұзақ өмір
Кенесариев У И Гигиена меицинаның негізгі профилактикалық тәртібі
Кенесары Д У
Кипшакбаев Р Клиникалық эпидемиология
Кипшакбаев Р Дәлелді медицина негіздері
Куракбаев К К Бизнес талдау және бизнес үдерістер менеджменттің құралы іспеттес