Шетел электрондық ресурстары

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жан-жақты қолдауымен 2015 жылы Springer халықаралық компаниясының – ғылымның, техниканың және медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша әлемдегі ең ірі және көне ғылыми баспалардың бірі (1842 ж.) ғылыми журналдарының толық мәтінді топтамасына, сондай-ақ Web of Science (Thomson Reuters) мультидисциплинарлы электрондық ғылыми-зерттеу платформасына қол жеткізу туралы келісімге қол қойды.
«ҚДСЖМ» ҚМУ аумағынан сізде осы ресурстарды толық көлемде пайдалану мүмкіндігі бар.

 

 
Thomson Reuters – әлемдік ақпарат нарығының көшбасшысы. Салалық білім, инновациялық технологиялар аталған халықаралық ақпараттық агенттіктің ресурстарымен үйлесе отырып, ғылым мен техниканың, білім берудің, денсаулық сақтаудың, өнер мен мәдениеттің түрлі салаларындағы ғалымдарға ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Ресурстың мазмұны: бүкіл әлем бойынша шығарылатын 12 мыңнан астам рецензияланатын рейтингтік журналдар, 23 000 000 патент туралы ақпарат, 110 000 ғылыми конференция материалдары, әлемде жоғары импакт-факторы бар ғылыми-зерттеу журналдары мен жарияланымдарды іздеу мүмкіндігі, Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша авторлардың дәйек сөзін лезде талдауды қамтамасыз ететін Web of Science-тағы Citation Report функциясын пайдалану.
Қосымша ақпарат:
 
 

Springer – әртүрлі форматтағы ғылыми контенттің әлемдік ірі баспаларының бірі. Баспаның электрондық өнімдеріне журналдар (2000-нан астам), кітаптар (170 000-нан астам), реферативтік-библиографиялық және фактографиялық деректер базасы кіреді. Баспаның барлық журналдары рецензияланған және жоғары ғылыми беделге ие. Компания журналдарының көпшілігі JournalCitationReports-та ұсынылған, 2013 жылғы деректер бойынша 56 журнал өз импакт-факторларын арттырды, ал журналдардың 87% – ы дәйексөз көрсеткіштерін арттырды, бұл осы ақпараттық ресурстардың сапасы мен халықаралық беделінің көрсеткіші болып табылады.
Артықшылықтары:
⦁ Тек 2013 жылы 120 миллионнан астам қолданушы SpringerLink-ке 229 миллионнан астам адам қолданып, 419 миллион құжат жүктеді.
⦁ Springer-дің барлық кітаптары, журналдары мен басылымдары рецензияланған және объективті сараптамалық бағалаудан өтеді.
⦁ 2694 Springer журналының 1599-ында импакт-фактор бар, ал 2200 журналды Scopus индекстейді.
⦁ Бірде-бір Springer журналы «қарақшы» журналдар тізіміне енгізілмеген.

Қосымша ақпарат: