Стратегиялық жоспар

Миссиясы

Денсаулық сақтау жүйесінде бәсекеге қабілетті жоғапры білікті мамандарды дайындауда кешенді шараны, олардың білім, ғылым және практиканы біріктіру негізінде кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

                      

Көрінісі

  • Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми-білім беру, үйлестіру-әдістемелік орталық.
  • Денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз кәсіби білім жүйесіндегі жетекші орталық.
  • Әлемдік білім беру кеңесітігіне инновациялық технологияларды іздестіру және трансферт орталығы.

Стратегиялық мақсаттар

  1. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау жағдайында ұлттық және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес инновациялық технологияларға, білімге ие, медициналық қызметтерді көрсететін уәкілетті, бәсекеге қабілетті кәсіпқойларды дайындау сапасын қамтамасыз ету.
  2. Елдік, сондай-ақ аймақтық деңгейде жаңа қоғамдық денсаулық сақтау деңгейінде жаңа қоғамдық денсаулық сақтауды қалыптастыруға бағытталған білім, медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласына ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын орталық болу.
  3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз медициналық білім беру, ғылым, білім және практиканың үшбірлігінде негізделген практикалық денсаулық сақтау саласында менеджменттің инновациялық жүйесін енгізу және сапаны басқару.
  4. Болашақта мамандарды барлық деңгейде оқыту арқылы кәсіпорындарда тиімді және тұрақты корпоративтік басқаруды қалыптастырудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету.
  5. Меншік зертханасы, клиникалық базасы, көп салалы оқу орталығы бар инновациялық ғылыми оқыту-клиникалық кластер құру.
  6. Қазақстан Республикасында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында БМСК жетілдіру және басым дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сараптау және консалтингтік орталығын құру.
  7. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша мемлекеттік мәселелерді шешуде белсенді қатысу.
  8. Жетекші әлемдік медицина ЖОО, қоғамдық денсаулық сақтау мектептерімен және ғылыми орталықтарымен жүргізілетін халықаралық ынтымақтастық.