Ұсыныстар мен сұрақтарға арналған онлайн қоғамдық қабылдау

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің

сайтына қош келдіңіз!

 

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің құрылу және даму тарихы тәуелсіз Қазақстанның дамуымен тығыз байланысты.

Тарихи құрылып қалыптасуы 1997 жылы Алматы қаласында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісімге сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің  21.07.1997ж. №1142 қаулысы) жүзеге асырылды. Басында жаңа ұйымның міндеттері – қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, қоғамдық денсаулық сақтау, заманауи жағдайда басқару және саясат мәселелері бойынша бейінді органдар мен мекеме басшыларының біліктілігін арттыру болды.

«ҚДСЖМ» ҚМУ негізін қалаған күннен бастап, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті мәселелері бойынша оқыту саласында да, ғылыми зерттеулерді жүргізу бөлінісінде де флагмандық қағидатты тығыз ұстайды. Бұл расымен де, алғы оқу және ғылыми орталық, саланы дамытудың маңызды драйверлердің бірі. Ол Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Азия-Тынық мұхиты академиялық консорциумының (APACPH), Еуропа өңірлік Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі қауымдастығының (ASPHER), Денсаулықты нығайту және білім беру халықаралық одағының (IUHPE), Биомедицина және денсулық туралы ғылым саласындағы докторлық білім беру бойынша Еуропалық ұйымының (ORPHEUS) құрамына кіреді, бұл үздік халықаралық тәжірибелер негізінде үдерістерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық денсаулық сақтау халықаралық мектептерінің үздік технологияларын енгізу үшін «ҚДСЖМ» ҚМУ тұрақты түрде, көбінесе ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен халықаралық байланыстарды дамытып отырады.

Қазіргі уақытта «ҚДСЖМ» ҚМУ-да кадрларды даярлау «Қоғамдық денсаулық сақтау (бұдан әрі – ҚДС)», «Денсаулық сақтау менеджменті» (бұдан әрі – ДСМ), «Медицина», мамандықтары бойынша ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура, сондай-ақ «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медицина» мамандығы бойынша докторантура (ғылыми-педагогикалық және бейінді) бағдарламалары бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, біліктілігін арттыру және қайда даярлау бағдарламалары бойынша практикалық денсаулық сақтау, фармация мамандарын және ғылыми кадрларды дайындау сәтті жүргізіледі.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде магистранттар және докторанттар Түркия (Istanbul Florence Nightingale Hospital, «Sema» Fatih University), Испания (Graduate School of management), Оңтүстік Корея (Gang Neung Asan Hospital), АҚШ (АҚШ денсаулық институты), Қытай (Шэньчжэнь қ. университеті) және т.б. елдердің университеттері мен университеттік клиникаларында оқудан өткен.

«ҚДСЖМ» ҚМУ қызметі Қазақстан Республикасының өңірлерінде кеңеюде: Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында филиалдар ашылған және қызмет етеді.

Біздің сайтта «ҚДСЖМ» ҚМУ қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыздар, сондай-ақ блогта қызықтырған сұрақтарыңызды қойып, өз ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар.

ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША РЕКТОРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОҚУ ЖЫЛЫ ІШІНДЕ ӘР АПТАНЫҢ СӘРСЕНБІСІ БОЙЫНША САҒАТ 15:00-ДЕН 17:00-ГЕ ДЕЙІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТАӘ

ҚЫЗМЕТІ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ

ТҰРДАЛИЕВА

Ботагөз Саитовна

Ректор

Сәрсенбі

сағ.15:00-ден 17:00-ге дейін

Жеке қабылдау мәселелері бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: +7(727) 337 80 32 (Ректордың қабылдау бөлмесі)

Мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а, 2 қабат.

Сұрақ : Сəлеметсіз бе менің балам психонамитрический тест тапсыраалмай қалды. Базаны жауып тастаған.июнь20 августың 24 дейін ашық болады деп жазған. Біздің ауылда интернет нашар. Өтінемін 1 күнге тапсыруға мүнкіндік берсеңіздер. Ауылдын баласына көмек беріңіздер

 

Жауап: Қайырлы күн, Жазира! Сіз “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетіне жүгініп отырсыз. Бұндай тест бізде емес, Ұлттық тестілеу орталығында тапсырылады. Сондықтан Сізге бұл сұрақпен Ұлттық тестілеу орталығына жүгіну қажет екендігін хабарлаймыз.

Сұрақ : Сәлеметсізбе!Мен Шымкент жоғары медицина колледжін 2019ж бітірдім!Дипломды алған соң Алматы қаласында 13қалалық емханада жұмыс жасаймын!Енді мен сіздердің оқу орындарыңыздан қалай білімімді арттырсам болады?Дәрігер болуыма болады ма?Жалпы медицина факультеті барма?Әлде қалай?Тест тапсырып грантқа түсе аламын ба?Тек ақылы түрде ма?

 

Жауап: Сәлеметсізбе, Арай Ғаниқызы! «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті тек жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытады, яғни Магистратура және Докторантура бойынша. Өкінішке орай, Сіз колледждан кейін біздің университетке тапсыра алмайсыз, ең алдымен Сіз бакалавриат яғни жоғары оқу орнына түсуіңіз керек. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ғана бізге оқуға тапсыра аласыз. Бірақ, мейірбике ретінде біліктілігіңізді арттырғыңыз келсе, онда біздің сайтқа кіріп және жылдық жоспарды қарап, соның ішінен тақырыптарды таңдап оқуға келуіңізге болады.