Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау
2021 жылғы 1 маусымнан бастап 15 шілде аралығында
жүзеге асырылады. Құрметті магистратураға түсетін үміткерлер!
Денсаулық сақтау саласында магистратураға адамдарды қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кешенді тестілеуге (бұдан әрі-КТ) қатысу үшін оқуға түсуші Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы өз бетінше онлайн өтініш береді.
КТ-2021 жылға өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 18 маусымда басталды және 15 шілдеге дейін жалғасады!
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ | ![]() | 2021 ЖЫЛҒЫ 18 МАУСЫМНАН 15 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН |
ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ | ![]() | 2021 ЖЫЛҒЫ 20 ШІЛДЕДЕН 10 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН |
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ | ![]() | 2021 ЖЫЛҒЫ 10-25 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА |
МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ | ![]() | 2021 ЖЫЛҒЫ 28 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН |

КТ форматымен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vstupitelnye-ekzameny/informatsiya-ob-itogakh-vstupitelnogo-ekzamena-po-yazykam-na-poluchenie-pvo/index.php
КТ-ға қатысу құны 8292 теңгені құрайды. Төлем сайтта тіркелген кезде онлайн жүргізіледі.
Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі сілтеме бойынша қолжетімді http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/perechen-grupp-obrazovatelnykh-programm-s-ukazaniem-profilnykh-distsiplin-kompleksnogo-testirovaniya/


Қажетті құжаттар тізімі:
1) ұйым басшысының атына өтініш (1-қосымша);
2) қосымшасы бар жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі);
3) жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
4) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
6) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар магистратураға кешенді тестілеудің (бұдан әрі – КТ) Шет тілі бойынша тестінен босатылады.
ағылшын тілі:
IELTS – кемінде 6,0;
IELTS INDICATOR – кемінде 6,0;
TOEFL ITP – 543 баллдан кем емес;
TOEFL IBT – кемінде 60;
TOEFL PBT – кемінде 498;
неміс тілі:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/C1 деңгейі);
TestDaF-Prufung (NiveauC1/ C1 деңгейі);
француз тілі:
Test de Franзais International™ – (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес);
Diplome d’Etudes en Langue franзaise – (DELF, B2 деңгейі);
Diplome Approfondi de Langue franзaise – (DALF, C1 деңгейі);
Test de connaissance du franзais – (TCF – 50 балдан кем емес).
* Қалғандары КТ-ны шет тілі бойынша жалпы негізде тапсырады.
7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
9) app.testcenter.kz сайтынан кешенді тестілеудің нәтижелері.
* Тізбеден құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден түскен өтініштерді қарамайды.
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін адамдардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру бағдарламаларының коды және тобы | Талап етілетін білім деңгейі мамандығының коды және атауы |
M139 Денсаулық сақтаудағы менеджмент | Мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім: 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 5B130100 – «Жалпы медицина»; 040100 – «Емдеу ісі»; 040200 – «Педиатрия»; 040600 – «Шығыс медицинасы»; 5B130200 – «Стоматология»; 5В110100 – «Мейірбике ісі»; 5В110300 – «Фармация»; 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс»; 5В050600 – «Экономика»; 5В050700 – «Менеджмент»; 5В030100 – «Юриспруденция»; 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»; 5В051300 – «Әлемдік экономика». |
M140 Қоғамдық денсаулық сақтау | Мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім: 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 5B130100 – «Жалпы медицина»; 040100 – «Емдеу ісі»; 040200 – «Педиатрия»; 040600 – «Шығыс медицинасы»; 5B130200 – «Стоматология»; 5В110100 – «Мейірбике ісі»; 5В110300 – «Фармация»; 5В030100 – «Юриспруденция»; 5В050600 – «Экономика»; 5В050700 – «Менеджмент»; 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»; 5В051300 – «Әлемдік экономика». |
M144 Медицина | Мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім: 5B130100 – «Жалпы медицина»; 040100 – «Емдеу ісі»; 040200 – «Педиатрия»; 040600 – «Шығыс медицинасы»; 5B130200 – «Стоматология»; 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс»; |
М145 Медициналық-профилактикалық іс | Мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім: 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс»; 5B130100 – «Жалпы медицина»; 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау». |
«ҚДСЖМ» ҚМУ 2020-2021 оқу жылында Денсаулық сақтау саласында магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
1. М139-«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» (бейіндік бағыт бойынша-1 жыл оқу және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл оқу);
2. М140-«Қоғамдық денсаулық сақтау» (бейіндік бағыт бойынша-1 жыл оқу және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл оқу):
–7М10101-«Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар менеджменті» (бейіндік бағыт бойынша-1 жыл оқу);
3. М144-«Медицина» (бейіндік бағыт бойынша-1 жыл оқу және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл оқу);
4. М145-«Медициналық-профилактикалық іс» (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша-2 жыл оқу):
– 7М10103-«Гигиена» бейіндік бағыт, 1 жыл оқу;
–7М10105-«Эпидемиология» бейіндік бағыт, 1 жыл оқу;
– 7М10102-«Әлеуметтік жұмыс» ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл оқу.
* Ғылыми-педагогикалық магистратура (2 жылдық оқу) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертациясын табысты қорғаған тұлғаларға «Медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
* Бейіндік магистратура (1 жылдық оқу) кәсіптік және басқарушылық дағдыларды дамытуға және денсаулық сақтау саласындағы жұмыс үшін жетекші мамандар мен басшыларды даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламаларын іске асырады. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік жобаны қорғаған адамдарға «Денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
* Магистратура бағдарламаларына түсу үшін құжаттарды қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өзгерістерді www.ksph.kz сайтынан көре аласыз.