Конгресі

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің 25 жылдығына

 және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі арасында келісімге қол қоюға арналған

«Global Health» VII Халықаралық Конгресі

(2022 жылғы 23 қыркүйек)

Жалпы ақпарат

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар. №1 қосымша

Постерлік баяндамаларға қойылатын талаптар. №2 қосымша

Тіркелу

Программа Конгресса

Резолюция

 «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті барлықтарыңызды «ҚДСЖМ» ҚМУ құрылғанына 25 жыл толуына және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасында келісімге қол қоюға арналған «Global Health» Халықаралық Конгресіне қатысуға шақырады.

Конгресс Секциялары:

  • «Қоғамдық денсаулық сақтау» секциясы
  • «Клиникалық медицина» секциясы
  • «Фармация» секциясы
  • «Зертханалық диагностика» секциясы
  • «Медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру» секциясы.

Конгрестің жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конгреске қатысу үшін тіркеуден өтіп, қатысу нысанын таңдау қажет: материалдарды жариялау, постерлік баяндама, тыңдаушы ретінде, сондай-ақ, сілтеме бойынша өтінімді толтыру қажет:

Конгреске ұсынылатын жарияланымдар мен постерлік баяндамалардың материалдары өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы немесе маңызды практикалық мәні болуы тиіс.

Конгресс материалдарының электронды жинағында жариялауға ниет білдіргендер 2022 жылғы 18 қыркүйекке дейін көрсетілген талаптар бойынша қолжазбаны (1 қосымша) congress.ksph@gmail.com  электрондық мекенжайына жіберуі қажет және онлайн өтінімді толтыру керек.

Конгреске постерлік баяндамамен қатысуға ниет білдірушілер 2022 жылғы 12 қыркүйекке дейін постерлік баяндама материалдарын нысан бойынша (2 қосымша) congress.ksph@gmail.com электрондық мекенжайына жіберуі қажет және онлайн өтінімді толтыру керек.

Конгреске тыңдаушы ретінде қатысқысы келетіндерге онлайн өтінімді толтыру қажет.

Конгресс қатысушыларына электронды сертификаттар берілетін болады.

Конгресс ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Өтепов көшесі 19а.

Өткізу күні: 2022 жылғы 23 қыркүйек.

Конгресс өткізу орны: Алматы қ., Оспанов көшесі 401, Royal Tulip қонақүйі.

Постерлік баяндамалар мен жарияланымдар мәселелері бойынша байланысатын жауапты адам: Индира Казбековна Карибаева, +7 777 823 8585

 1 қосымша

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар

Жариялау тілі қазақша, орысша немесе ағылшынша.

Көлемі: 3 параққа дейін.

Парақ жиектері: үсті – 2 см, асты – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см.

Microsoft Word 2003 және жоғары.

Шрифті Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт өлшемі – 12pt.

Жоларалық интервал біреулік; азат жол шегінісі-1 см; кітап бағдары; колонтитулдарсыз және парақтарды қоймастан; мәтін ені бойынша туралануы тиіс.

Сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі

Мақаланың мазмұны мен зерттеу нәтижелерін дәл көрсететін мақаланың атауы (БАС ӘРІППЕН, ҚАЛЫҢ ҚАРІППЕН).

Автор (авторлар) туралы мәліметтер, автордың аты-жөні, жұмыс орны (ЖОО немесе ұйым), қаласы, елі.

Қосымша: тиісті автордың телефоны, электрондық поштасының мекенжайы (қалың қаріппен).

Сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі (бөлектеусіз)

Мақаланың мазмұны мен зерттеу нәтижелерін дәл көрсететін мақаланың атауы (БАС ӘРІППЕН, ҚАЛЫҢ ШРИФТПЕН).

Автор (авторлар) туралы мәліметтер, автордың аты-жөні, жұмыс орны (ЖОО немесе ұйым), қаласы, елі.

Қосымша: автордың телефоны, электрондық поштасының мекенжайы (қалың шрифтпен).

Жарияланым құрылымы.

Өзектілігі (кіріспе). Кіріспеде мәселенің өзектілігін және зерттеудің негіздемесін, Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қысқаша және нақты баяндау керек.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Бұл бөлімде зерттеудің дизайны және оның қалай орындалғаны сипатталуы керек.

Нәтижелері. Бұл бөлімде осы зерттеу барысында алынған негізгі нәтижелер мәтіндегі логикалық ретпен ұсынылуы керек.

Түйіні (қорытынды). «Түйіні» бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері жинақталуы тиіс, зерттеуде баяндалған гипотезаны немесе мақсатты растауды қарастыру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Әдебиеттер тізімі МЕМСТ 7.1-2003 сәйкес ресімделеді және түпнұсқа тілінде құрастырылады. Мәтіндегі, кестелердегі және иллюстрацияларға қойылған библиографиялық сілтемелер [] жақша ішінде араб цифрларымен еске салу тәртібімен нөмірленеді.

Файл бірінші автордың атымен аталуы керек.

Конгресс материалдарының электронды жинағында жариялау тегін.

2 қосымша

Постерлік баяндамаларға қойылатын талаптар

   Постерді жариялау тілі қазақша, орысша немесе ағылшынша.

Көлемі: PowerPoint форматында 6 слайдқа дейін.

Диаграммалар мен кестелер Excel файлында бөлек жіберілуі тиіс.

Microsoft Word 2003 және жоғары.

Шрифті Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт өлшемі – 16-20pt.

Жоларалық интервал біреулік..

Постерлік баяндама құрылымы:

Постерлік баяндаманың атауы (БАС ӘРІПТЕРМЕН, ҚАЛЫҢ ШРИФТПЕН).

Автор (авторлар) туралы мәліметтер, автордың аты-жөні, жұмыс орны (ЖОО немесе ұйым), қаласы, елі.

Өзектілігі (кіріспе). Кіріспеде мәселенің өзектілігін және зерттеудің негіздемесін, Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қысқаша және нақты баяндау керек.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Бұл бөлімде зерттеудің дизайны және оның қалай орындалғаны сипатталуы керек.

Нәтижелері. Бұл бөлімде осы зерттеу барысында алынған негізгі нәтижелер мәтіндегі логикалық ретпен ұсынылуы керек.

Түйіні (қорытынды). «Түйіні» бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері жинақталуы тиіс, зерттеуде баяндалған гипотезаны немесе мақсатты растауды қарастыру керек.

Файл бірінші автордың атымен аталуы керек.

Постерлік баяндамамен қатысу құны – 6000 (алты мың) теңге.

Төлем жасау үшін реквизиттер:

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС

Ректор Ботагоз Саитовна Турдалиева

Мекенжайы: 050060, Алматы қ., Бостандық ауданы, Өтепов көшесі, 19А

Эл.мекенжайы ksph@ksph.kz

БСН       011 240 001 712

ҚБЕ- 17

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ЖСК         KZ136010131000177028 (KZT)

Конгрестің ұйымдастыру комитеті Конгресс жұмысының бағыттарынан тыс мәлімделген және жоғарыда санамаланған талаптар бойынша ресімделмеген жарияланымдар мен постерлік баяндамаларды қабылдамауға құқылы.

Барлық жарияланымдар авторға сілтеме жасамай (плагиат) қарыз алуды пайдалану үшін тексеріледі. Жарияланымның түпнұсқалығы кемінде 75% болуы керек.

Мәтін стилистикалық және техникалық тұрғыдан өңделуі керек. Ұйымдастыру комитетінің жұмысы жарияланым мәтінін өңдеуді білдірмейді.

Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады.

Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті.