ҚМУ «ВШОЗ» медициналық колледжіне өтініштер қабылдау
2022 жылдың 20 маусым – 25 тамыз аралығында жүргізіледі
Құрметті талапкерлер!
Талапкерлерді өтінішпен қабылдау және оқуға қабылдау, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау емтихандары 2 кезеңнен тұрады:
1 – Оқуға дайындықты анықтау үшін психометриялық тестілеу
2 – Пәндік тестілеу
· Оқыту тілі, биология – негізгі орта білімі бар талапкерлер үшін (9 сынып негізінде)
- Оқыту тілі, биология/химия, (фармация мамандығы үшін химия пәні тапсырады), Қазақстан тарихы жалпы орта білімі бар талапкерлер үшін (11 сынып негізінде, мектептен кейінгі білім)
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ | ![]() | 2022 ЖЫЛДЫҢ 20 МАУСЫМНАН 25 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫ |
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ | ![]() | 2022 ЖЫЛДЫҢ 18 ШІЛДЕ – 23 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫ |
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНУ | ![]() | 2022 ЖЫЛДЫҢ 30 ТАМЫЗЫНА ДЕЙІН |
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ӨТУ ФОРМАТЫ
Тестілеу уақыты:
1. Психометриялық тестілеу – 40-60 минут
2. Пәндік тестілеу (1 сұраққа =1,5 минут)
Негізгі орта білімі бар талапкерлер үшін (9 сынып негізінде) – 50 сұраққа = 75 минут беріледі.
Жалпы орта білімі бар талапкерлер үшін (11 сынып негізінде) – 75 сұраққа =110 минут беріледі.
Тест түрлері | Форма тестовых заданий | Язык сдачи | Баллы | Пороговый балл |
Психометриялық тестілеу | – | Қазақ тілінде/орыс тілінде | «Өтті»/ «Өтпеді» | «Өтті» |
Оқыту тілі (9/11 сынып негізінде) барлық мамандықтар үшін | Бір дұрыс жауапты таңдау арқылы | Қазақ тілінде/орыс тілінде | 25 | 13 |
Биология (9/11 сынып негізінде) | Бір дұрыс жауапты таңдау арқылы | Қазақ тілінде/орыс тілінде | 25 | 13 |
Химия (9/11 сынып негізінде «Фармация» мамандығы үшін) | Бір дұрыс жауапты таңдау арқылы | Қазақ тілінде/орыс тілінде | 25 | 13 |
Қазақстан тарихы (11 сынып негізінде, барлық мамандықтар үшін) | Бір дұрыс жауапты таңдау арқылы | Қазақ тілінде/орыс тілінде | 25 | 13 |
Жалпы өту баллы:
Негізгі орта білімі бар талапкерлер үшін (9 сынып негізінде) – 25 баллдан кем емес.
Жалпы орта білімі бар талапкерлер үшін (11 сынып негізінде) – 35 баллдан кем емес.
«ҚДСЖМ» ҚМУ колледжіне түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
• Оқуға түсу туралы өтініш (қабылдау комиссиясына толтырылады)
• Жеке куәлік көшірмесі (бар болса) - (2 дана)
• Туу туралы куәлік көшірмесі (жеке куәлігі жоқ болса) - (2 дана)
• ЖСН көшірмесі (жеке куәлік болмаса) - (2 дана)
• Ата-ананың жеке куәлігі көшірмесі - (2 көшірме)
• Орта білім туралы аттестат немесе диплом – (түпнұсқа және 1 көшірме)
• ҰБТ немесе КТ сертификаты (бар болса) – 11-сынып негізінде талапкерлер үшін (түпнұсқа)
• Фотосурет - 3*4 - 6 дана
• № 075 нысан бойынша медициналық анықтама, флюрофотографиямен қоса – (түпнұсқа)
• Ф-063 көшірмесі - (2 дана)
• Пластикалық файл қалтасы (10 бет) - 1 дана
«ВШОЗ» ҚМУ колледжі 2022-2023 оқу жылында келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жоспарлап отыр:
МАМАНДЫҚ | БІЛІКТІЛІГІ | ОҚЫТУ МЕРЗІМІ | ОҚЫТУ МЕРЗІМІ | ОҚЫТУ ТІЛІ |
9 сынып негізінде | 11 сынып негізінде | |||
Емдеу ісі | Фельдшер | 3 ж. 10ай. | 2 ж. 10ай. | Қазақ тілінде / орыс тілінде |
Акушерлік ісі | Акушер | 2 ж. 10ай. | Қазақ тілінде / орыс тілінде | |
Мейіргер ісі | Жалпы тәжірибелік медбике | 3 ж. 10ай. | 2 ж. 10ай. | Қазақ тілінде / орыс тілінде |
Фармация | Фармацевт | 2 ж. 10ай. | Қазақ тілінде / орыс тілінде | |
Лабораториялық диагностика | Медициналық лаборант | 3 ж. 10ай. | 2 ж. 10ай. | Қазақ тілінде / орыс тілінде |
Гигиена және эпидемиология | Гигиенист — эпидемиолог | 2 ж. 10ай. | Қазақ тілінде / орыс тілінде | |
Косметология | Косметолог – эстетист | 2 ж. 10ай. | 1 ж. 10 ай. | Орыс тілінде |
Талапкерлер назарына!
«Емдеу ісі»/ «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша кешкі оқу бөлімі қарастырылған:
Кешкі бөлімге құжаттарды қабылдау 20 06.2022 – 25.09 2022ж.ж. аралығында жүргізіледі.
Қабылдау бөлімінің
байланыс ақпараты
Тел.: +7 700 710 02 83 (watsap)
/+7 778 470 28 48
Біздің мекен жайымыз: Алматы қ., Утепова көшесі, 19а,
Сіздерді күтеміз!