Skip to main content

Қамқоршылық кеңес

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МӘРТЕБЕСІ

– Қарқоршылық кеңес еріктілік, мүшелерінің тең құқықтығы, жариялылығы және алқалылығы қағидасында әрекет ететін Университеттің стратегиялық басқару органы болып табылады.

– Өз қызметінде Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Университет Жарғысын, осы Ережені, сонымен қатар Университет қатысушыларының жалпы жиналысымен қабылданған ережелерді және басқа құжаттарды басшылыққа алады.

– Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметін ерікті ақысыз негізде негізгі өндірістік және қызметтік жұмысынан босатылмай жүзеге асырады.

– Қамқоршылық кеңестің шешімдері ұсыныс және кеңес беру сипатында болады.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МИССИЯСЫ

Қамқоршылық кеңес Университеттің тиімді қызмет етуіне және дамуына, денсаулық сақтау саласының білікті, талап етілетін мамандарын дайындау бойынша халықаралық деңгейдегі білім беру және ғылыми орталық ретінде Университеттің қалыптасуына ықпал ету мақсатында құрылған.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
  2. Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
  • инновациялық технологияларды енгізу негізінде заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру, жетілдірілген шетелдік тәжірибені қолдану, Университеттің материалдық-техникалық базасын жаңғырту;
  • денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесінің дамуына ықпал ету;
  • білім беру үдерісін сәтті жүзеге асыру мақсатында Универсиеттің білім алушыларына және ғылыми-педагогикалық ұжымына қажетті жағдай жасау;
  • Университетті қаржылық қолдауды қамтамасыз ету.
  1. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
  • оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруда Университетке жәрдемдесу;
  • білім беру үдерісі қатысушыларының құқықтарын сақтай отырып, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
  • құқықтық қамтамасыз ету, Университеттің, оның білім алушыларының және жұмыскерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолдау болып табылады;
  • келесі шараларға қатысу:
    • Университеттің даму бағдарламаларын қалыптастыру және оларды жүзеге асыруға;
    • Университетте білім алушылардың дайындық сапасын бағалау бойынша жұмысқа;
    • Университеттің оқу, ғылыми және әлеуметтік-тұрмыстық нысандарының құрылысына, оқу үдерісіне және ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қажетті жабдықты, материалдарды, есептеу және ұйымдастыру құралдарын сатып алуға;
    • демеушілік, қайырымдылық және басқа көмекті бөлуге;
    • оқу үдерісінен тыс Университетте өткізілетін түрлі шараларды ұйымдастыруға;
    • Университеттің атқарушы органына көмек көрсету және консультативтік көмек беруге:
  • мына міндеттерді шешуге:
  • білім беру үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру, экономиканың нақты секторының қажеттілігін есепке ала отырып денсаулық сақтау кадрларын даярлау және қайта даярлау;
  • негізгі және қолданбалы бағдарламаларды дамыту, Университте оқу және ғылыми үдерістерді біріктіру;
  • ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, Университеттің ғылыми мектептерін құру және дамыту;
  • Университеттің халықаралық ынтымақтастығын, Университеттің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын қалыптастыру және дамыту;
  • Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің және білім алушыларының академиялық ұтқырлығы;
  • тәжірибемен алмасу және мамандардың бірлесіп дайындалуын ұйымдастыру үшін жетекші қазақстандық және шетел мамандарын тарту;
  • мамандардың біліктілігін арттыру, сараптамалық-консультативтік қызмет мәселелерін шешуді талап ететін Университеттің салалық тарамдарына ғылыми әлеуетті біріктіру;
  • Университет түлектерін жұмысқа орналастыру;
  • Университеттің ақпараттық және қоғамдық қызметін жүзеге асыру;
  • Университеттің педагог және басқа қызметкерлеріне қосымша әлеуметтік кепілдіктерді беру және олардың еңбек жағдайларын жақсарту үшін мүмкіндіктер жасау;
  • білім алушылардың оқу жағдайларын жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру;
  • келесі шаралар бойынша Университеттің органдарына және лауазымдық тұлғаларына ұсыныстар дайындау және енгізу:
  • Университет қызметін жетілдіру және дамыту;
  • түлектердің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс беруші ұйымдарының қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім беру үдерісінің және білім беру бағдарламаларының басым бағыттарын анықтау;
  • Университеттің қызметіндегі кемшіліктерді жою;
  • Университтің ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту;
  • инновациялық технологияларды енгізу және дамыту;
  • кәсіби қалыптасуы үшін Университеттің білім алушылары мен жұмыскерлеріне, сонымен қатар түлектеріне Қамқоршылық кеңестің ынталандыру стипендияларын,  гранттары және сыйақыларын тағайындау;
  • Университет қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін Университет қызметінің өзге де мәселелерін шешу.
  1. Қамқоршылық кеңес өз міндеттері мен қызмет бағытын өз мүшелерінің бастамасы және дербестігі, олардың Қамқоршылық кеңестің қызметіндегі шығармашылығы, жеке, қаржылық және материалдық қатысуы негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Қамқоршылық кеңестің құрамы

Төрағасы: Калдыбай Омарович Казанбаев – Алматы қ. мәслихатының хатшысы

Мүшелері:

Еркен Орынбаевич Жанадилов – «ZdravInnoTech» Қазақстанның денсаулық сақтау саласында инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу бойынша қауымдастық» ЗТБ Президенті;

Лука Брузатти – SDA Bocconi School of Management профессоры, Udine University (Италия).